jasqazaq.kz
Ақпарат агенттігі

Қызылордада бүлдіршін қызға азғындық әрекет жасамақ болған күдікті ұсталды

21 шiлде, 17:40
114

Қызылордада бүлдіршін қызға азғындық әрекет жасамақ болған күдікті ұсталды

Қызылордада бүлдіршін қызға азғындық әрекет жасады деген күдікпен ер адам ұсталды.

Мәлім болғанындай, оқиға 20 шілдеде сағат 21.00 шамасында болған. Бектұрғанов көшесі бойындағы көп қабатты үйдің маңында ер адам бүлдіршін қызға азғындық әрекет жасауға тырысқан.

«Бұл дерекке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 124-бабының 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды. Кінәлі адам анықталды. Оның іс-әрекетіне қатысты құқықтық баға беріледі. Қылмыстық іс бойынша қажетті сот-сараптамалары тағайындалып, кешенді тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде», — деп мәлім етті Қызылорда облыстық полиция департаментінен.

Департаменттің хабарлауынша, ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабының талаптарына сәйкес, сотқа дейінгі тергеп-тексеру деректерін жария етуге жол берілмейді.

Қылмыстық істің тергеп-тексерілуі Қызылорда облысы Полиция департаменті бастығының қатаң бақылауына алынған.

ҚазАқпарат

09 шiлде, 12:00
Қиналғанда қасыңда тіреу болған ағайын
02 шiлде, 11:43
Бір мая шөп – көпке үлгі
02 шiлде, 11:31
Екпе алудың пайдасын халыққа сауатты түрде түсіндіру қажет
02 шiлде, 11:27
Журналист мәртебесін көтереміз!
25 маусым, 12:34
Бесігімізді түзеуде неден сүріндік?
25 маусым, 12:32
Руға тартсақ, ескерткіш те, саябақ та болмайды
25 маусым, 12:27
Жер асты суын пайдалан, жұтамайсың
25 маусым, 12:24
Жаздың жұты жанға батады