jasqazaq.kz
Ақпарат агенттігі

Көпбалалы отбасы моншада тұрып жатыр (Видео)

24 маусым, 10:42
52

Көпбалалы отбасы моншада тұрып жатыр (Видео)

Алматыда үйі өртенген отбасы моншада тұрады. Әп-сәтте бар жиған-тергені күлге айналған ана төрт баласымен бірге жуынатын жерде бір аптадан бері түнеп жүр. Ал, қызыл жалын шарпыған баспана қайта қалпына келтіруге де жарамайды. Есеп бергенде елді қарқ қылатын жергілікті билік төтеншеліктердің жауабын күтуден басқа қайран жоқ дейді, деп хабарлайды zakon.kz «Еуразия» бірінші арнасына сілтеме жасап.

Тау бөктерінде орналасқан жер үйдің қалай жылдам жанып кеткені Қаламқас Күлімжанованың әлі де көз алдында. Кешкі сағат сегіздің шамасында қылтимадан шыққан өрт аумаққа жылдам тарай бастаған. Ішінде қыстық киімдер мен кілемшелер болғандықтан, тез тұтануына себеп болды, дейді.

Қаламқас Күлімжанова, көпбалалы ана:

Балкон жағым жана бастады. Балаларымды жинадым да воротаның арғы жағына шығып кеттім. Көршілер бәрі жүгіріп келді. Балконда қыстық киімдер болған. Жерде ковралан төселген. Сол ең бірінші тез жана бастады.
Алдын ала болжам бойынша өрттің шығуына электр тоғының тұйықталуы әсер еткен болуы мүмкін. Сол күні бір өшіп, бір жанып тұрды, дейді. Тіпті, қырсыққанда құбырдағы су да ақпай қалған. Өйткені, жетісіне бір рет тазалық жұмыстары жүргізіледі екен.

Қызыл жалын шарпыған баспана тау бөктерінде болғандықтан өрт сөндірушілер келгенше біраз уақыт өтіпті. Оған дейін үйдің сау тамтығы қалмай өртеніп кеткен. Білікті құрылыс мамандары аядай мекенді қалпына келтіру мүмкін еместігін жеткізіпті. Сондықтан дәл осы маңайдан шағын ғана үй көтеруден басқа амалы жоқ.

Жолдасымен ажырасып, төрт баласын өзі бағып отырған Қаламқас қазір жұмыссыз екенін жеткізді. Жиған дүниесінің барлығы өртеніп кеткендіктен, енді не істерін білмей дал. Ал, аудан әкімдігі көпбалалы анаға қол ұшын беруге әзірміз, бірақ күту қажет, дейді.

Әсел Жүнісова, Наурызбай ауданы әкімінің аппараты әлеуметтік сала бөлімінің бас маманы:

Қазір біз Төтенше жағдай мамандарының қорытындысын күтіп отырмыз. Осыдан кейін қаржылай өтемақы төлеу туралы құжаттарды әзірлейміз. 15 күннің ішінде құжат келуі тиіс. Алты айдың ішінде өтемақы да төленуі мүмкін.
Өртенген баспана иесі жеке меншік жерінде орын болғандықтан енді оған шағын болса да үй тұрғызып алуды көздеп отыр. Өйткені, моншада қыста түнеу мүмкін емес, дейді. Қазірдің өзінде кеші салқын, іші тар екенін айтуда.

Қаламқас Күлімжанова, көпбалалы ана:

Тар. Қазіргі кешкі уақыттарда салқын. Түнде суық. Бірақ, басқа баратын жерім жоқ. Не болатынын білмеймін.

01 қазан, 14:49
Қартайғанда көңіл қосқан
01 қазан, 11:55
Қара жолдың бойында...
01 қазан, 11:51
Жұмабек Өмірзақов: Бізді жарға жығатын – жершілдік
01 қазан, 11:41
Дау неге жиі тұтанды?
01 қазан, 11:36
Спорт кешендері қаңырап тұр
01 қазан, 11:33
Семей қашан қала болды?
24 қыркүйек, 13:27
Кибербуллингке тосқауыл
24 қыркүйек, 11:57
Кеселдің кесірі