jasqazaq.kz
Ақпарат агенттігі

Таразда жезөкшелер притоны анықталды (Видео)

18 маусым, 17:10
689

Таразда жезөкшелер притоны анықталды (Видео)

Жамбылдық полицейлер жезөкшелікпен айналысуға арналған притонның жұмысын тоқтатты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

“Stop-Трафик” жедел алдын алу іс-шарасының алғашқы күні Тараз қаласының сауықтыру кешендерінің бірінде полиция қызметкерлері жезөкшелікпен айналысу үшін притонды ұйымдастырумен және ұстаумен айналысқан 36 жастағы әйелді ұстады. Аталған дерекке қатысты ҚР ҚК 309-бабының 1-бөлігі (Жезөкшелікпен айналысуға арналған притонды ұйымдастыру немесе ұстау және жеңгетайлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Ұсталған әйел кінәсін мойындады.

Сондай-ақ Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 449-бабының 1-бөлігі (Қоғамдық орындарда тиісу) бойынша 12 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды, ҚР ӘҚБтК-нің 450-бабының 1-бөлігі (Көрінеу жезөкшелікпен айналысу немесе жеңгетайлық үшін үй-жайлар беру) бойынша бір әкімшілік құқық бұзушылық дерегі анықталды. Профилактикалық есепке “сутенер” санаты бойынша бір адам және жезөкшелікпен айналысқаны үшін бір әйел қойылды.

09 шiлде, 12:00
Қиналғанда қасыңда тіреу болған ағайын
02 шiлде, 11:43
Бір мая шөп – көпке үлгі
02 шiлде, 11:31
Екпе алудың пайдасын халыққа сауатты түрде түсіндіру қажет
02 шiлде, 11:27
Журналист мәртебесін көтереміз!
25 маусым, 12:34
Бесігімізді түзеуде неден сүріндік?
25 маусым, 12:32
Руға тартсақ, ескерткіш те, саябақ та болмайды
25 маусым, 12:27
Жер асты суын пайдалан, жұтамайсың
25 маусым, 12:24
Жаздың жұты жанға батады