jasqazaq.kz
Ақпарат агенттігі

ІІМ: Қызылордада аса қауіпті қылмыскер ұсталды (Видео)

18 маусым, 16:17
17

ІІМ: Қызылордада аса қауіпті қылмыскер ұсталды (Видео)

Қызылордада аса қауіпті қылмыскер ұсталды. Бұл туралы ІІМ баспасөз қызметі өкілдері мәлім етті, — деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Полиция мәліметінше, 34 жастағы тұрғын адам өлтірді деген күдікке ілінген.

«2018 жылғы күзде Қызылордадағы Яссауи және Бөкейхан көшелері қиылысында Toyota Land Cruiser Prado автокөлігінің жүргізушісі кісі қолынан қаза тапты. Оның кеуде тұсына екі рет оқ атылған.

Полицейлер айыпталушының жеке басын анықтады, биыл 5 желтоқсанда Қызылорда қаласының тұрғыны адам өліміне күдікті деп танылды. Қылмыскер ізін жасырмақ болған және оған іздеу жарияланды. Күдіктіге қатысты сот қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын тағайындады», — делінген хабарламада.

Тәртіп сақшылары күдіктіні таңғы уақытта туыстарының үйінен ұстаған. Ұсталған кезде ол полиция қызметкерлеріне қарсылық көрсеткен.

«Күдікті Алматы облысында жалдамалы тұрғын үйлерде жасырынып жүрген, байланыс үшін виртуал телефон нөмірлерін пайдаланған. Қазіргі уақытта ер адам уақытша ұстау изоляторына қамалды», — деді ІІМ өкілі.

 

09 шiлде, 12:00
Қиналғанда қасыңда тіреу болған ағайын
02 шiлде, 11:43
Бір мая шөп – көпке үлгі
02 шiлде, 11:31
Екпе алудың пайдасын халыққа сауатты түрде түсіндіру қажет
02 шiлде, 11:27
Журналист мәртебесін көтереміз!
25 маусым, 12:34
Бесігімізді түзеуде неден сүріндік?
25 маусым, 12:32
Руға тартсақ, ескерткіш те, саябақ та болмайды
25 маусым, 12:27
Жер асты суын пайдалан, жұтамайсың
25 маусым, 12:24
Жаздың жұты жанға батады