jasqazaq.kz
Ақпарат агенттігі

Хайп үшін қалалық автобустың үстіне мініп алды (Видео)

18 маусым, 14:39
142

Хайп үшін қалалық автобустың үстіне мініп алды (Видео)

Хайп қуған жас жігіт аялдамаға тоқтаған автобустың үстіне мініп алды. Оны желіге мониторинг жасау барысында полиция қызметкерлері анықтаған. Ақсу қаласының тұрыны өзінің істегенін видеоға түсіріп, әлеуметтік желіге жариялаған. Бұл туралы jasqazaq.kz ақпарат агенттігі Павлодар облысы ПД-е сілтеме жасап хабарлайды.

Полиция жарияланған видеоға тексеру жүргізді.

— 2021 жылы 17 маусымда сағат 13.00 шамасында Ақсу қаласында Астана көшесінің бойында жас жігіттің аялдамадан қалалық автобустың төбесіне секіріп, осылай жүргені анықталды. Көліктер жүріп бара жатқанда, жас жігіт балағат сөздер айтты. Зиянкесті полиция анықтады. Ол 18 жастағы азамат болып шықты. Оған қатысты әкімшілік іс қозғалып, сотқа жіберілді, — деді Павлодар облысы Ақсу қалалық полиция бөлімінің жергілікті полиция қызметінің бастығы Арман Рахметов.

Полиция жас жігіттің мұндай қадамға хайп үшін барғанын атап өтті.

 

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Организация (@dp_pavlodar)

09 шiлде, 12:00
Қиналғанда қасыңда тіреу болған ағайын
02 шiлде, 11:43
Бір мая шөп – көпке үлгі
02 шiлде, 11:31
Екпе алудың пайдасын халыққа сауатты түрде түсіндіру қажет
02 шiлде, 11:27
Журналист мәртебесін көтереміз!
25 маусым, 12:34
Бесігімізді түзеуде неден сүріндік?
25 маусым, 12:32
Руға тартсақ, ескерткіш те, саябақ та болмайды
25 маусым, 12:27
Жер асты суын пайдалан, жұтамайсың
25 маусым, 12:24
Жаздың жұты жанға батады