jasqazaq.kz
Ақпарат агенттігі

«Ей, деме» — депутаттар төбелесіп қала жаздады (видео)

18 маусым, 18:01
55

«Ей, деме» - депутаттар төбелесіп қала жаздады (видео)

Қырғызстанда Жогорку Кенеш салалық комитет отырысында депутаттар Ақыл Кемелов пен Нұрбек Мұрашевтің ерегісі төбелеске ұласа жаздады, — деп хабарлайды Vesti.kg басылымы.

Оның кадрларына қарағанда, Ақыл Кемелов министрлер кабинеті төрағасы Ұлықбек Мариповке сөйлеп, бес минут бойы оның жұмысына көңілі толмайтынын айтумен болған. Осы кезде Нұрбек Мұрашев әріптесін тезірек сөйлеуге, өзгелерді құрметтеуге және регламентті сақтауға шақырған, бұған жауап ретінде Кемелов сөзін бөлмеуді және ойын аяқтауға мұрсат беруін талап етеді. — «Мен өзгелерді сыйлаймын, сондықтан үш сағат кезек күттім. Біреудің адвокаты болудың керегі жоқ», — дейді Кемелов. — «Мен ешкімге адвокат емеспін, тездетіңіз», — деп жауап береді Мұрашев «ей» деген сөзін қосып. — «Маған «ей» деме, атым бар», — деп шағымданады Кемелов. Осыдан кейін ол Мұрашевқа жақындау үшін орнынан көтеріледі, бірақ әріптестері тоқтатып алады. Кемелов жанжалдан кейін мұның бәрі Ұлықбек Мариповтің кесірінен болды деп жауап берген. — Бұл эмоцияның бәрі қоғамда шиеленісіп жатқан проблемалардан, — дейді ол Мариповқа. Себебі бізбен сіздің арамызда байланыс жоқ, пікір алмасу жоқ. Кешеден бері күтіп отырмыз. Өлімді күту өлімнен күшті. Бізді күттірмеңіз. Шақырғанымызда келіңіз». Отырыс видеосы Желіде жарияланды.

Ақпарат көзі: Oinet.kz

09 шiлде, 12:00
Қиналғанда қасыңда тіреу болған ағайын
02 шiлде, 11:43
Бір мая шөп – көпке үлгі
02 шiлде, 11:31
Екпе алудың пайдасын халыққа сауатты түрде түсіндіру қажет
02 шiлде, 11:27
Журналист мәртебесін көтереміз!
25 маусым, 12:34
Бесігімізді түзеуде неден сүріндік?
25 маусым, 12:32
Руға тартсақ, ескерткіш те, саябақ та болмайды
25 маусым, 12:27
Жер асты суын пайдалан, жұтамайсың
25 маусым, 12:24
Жаздың жұты жанға батады