jasqazaq.kz
Ақпарат агенттігі

Ақтауда автоорталықтан сатып алынған көлік ұрланған болып шықты

18 маусым, 21:31
288

Ақтауда автоорталықтан сатып алынған көлік ұрланған болып шықты

Ақтауда автоорталықтан сатып алынған көлік ұрланған болып шықты. Иесі 5 миллион 300 мың теңгеге сатып алынған «Хюндайдың» іздеуде жүргенін сататын кезде бірақ білген. Алайда аты дардай автоорталық Ресейден ұрланған көліктің құжатында ешқандай шикілік болмаған еді дейді. Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлады.

Соған қарамастан жәбірленуші құзырлы орындарға шағымданған. Алайда істі тексерген тәртіп сақшылары «қылмыс құрамы жоқ» деп жылы жаба салыпты. Есесіне Интерпол желісімен іздеу салынған көлікті сатуға да, мініп жүруге де тыйым салған.

Светлана Махамбетова осыдан бір жыл бұрын автоорталықтан «Хюндай» сатып алған. Бастапқы он пайызын құйып, қалған сомасын банктен несиеге рәсімдепті. Осылайша туған күніне сый жасаған. Бірақ сыйлықтың соңы қитұрқымен бітерін білмедім, дейді.

Бір жылдан кейін көлігін сатылымға шығарып, алушымен келісімшарт жасамақ болғанда тұлпарының құжаты дұрыс емес болып шыққан. Көлік Санкт-Петербургте ұрланып, 2018 жылдан бері Интерполда іздеуде екен. Мұны білген ол машинасын сатып алған автоорталыққа барады. Алайда олар «кінә бізден емес» деп шығарып салыпты.

Светлана Махамбетова, Ақтау қаласының тұрғыны:

— Заңгермен барып, барлық дәлелдерін көрсетті. Машина маған соғылмаған деп сатылып еді, соғылған екен. Жүріп өткен жолын кері айналдырған. Соның бәрін біз дәлелдеп, «Тойота» орталығына бардық. Біз сатқан кезде, алған кезде бәрі дұрыс болып тұрды деп, «өзіңіз кез келген шара қолдана беріңіз, заңға жүгініңіз» деп шығарып салды.

Көлік Светлана Махамбетоваға дейін үш адамның қолынан. «Ең қызығы, олар мінгенде мұндай мәселе туындамаған», — дейді жәбірленуші. Автоорталық өкілдері де бұл көлікті сатып аларда да, сатқанда да еш кедергі туындамағанын айтады. Светлана прокуратура мен полиция департаментіне шағымданған. Бірақ олар көліктің VIN коды ұрланған машинамен сәйкес келетінін айтудан ары аспапты.

Әйгерім Ибатуллаева, Маңғыстау облысы ПД баспасөз қызметінің жетекшісі:

— Сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркеліп қылмыстық іс қозғалды. Барлық қажет тергеу жүргізілді. Нәтижесінде қылмыс құрамының болмауына байланысты қылмыстық істі тоқтату туралы іс жүргізу шешімі қабылданды.

Светлана Махамбетова енді көлік сататын компанияны сотқа бермекші. Себебі: несиеге рәсімделген көлігін сатуға да, мініп жүруге де тыйым салынған.

09 шiлде, 12:00
Қиналғанда қасыңда тіреу болған ағайын
02 шiлде, 11:43
Бір мая шөп – көпке үлгі
02 шiлде, 11:31
Екпе алудың пайдасын халыққа сауатты түрде түсіндіру қажет
02 шiлде, 11:27
Журналист мәртебесін көтереміз!
25 маусым, 12:34
Бесігімізді түзеуде неден сүріндік?
25 маусым, 12:32
Руға тартсақ, ескерткіш те, саябақ та болмайды
25 маусым, 12:27
Жер асты суын пайдалан, жұтамайсың
25 маусым, 12:24
Жаздың жұты жанға батады