jasqazaq.kz
Ақпарат агенттігі

Ұшты, ұшты Картоп «ұшты»

11 маусым, 14:51
282

Ұшты, ұшты Картоп «ұшты»

Тақырыпқа орай

Әли Мұхамедқожа, саудагер:

«Көкөніс бағасы күннен-күнге қымбаттап жатыр. Былтырғы бағадан бірнеше есе өсті. Мысалы, былтыр осы мезгілде картопты «Алтын Орда» базарынан 110-120 теңгеден алып, үстіне
10 теңге ғана қосып саттым. Бүгін 260 теңгеден алдым, бұған көп қоса алмаймын. Өйткені қарапайым халықтың қалтасы көтермейді. Бағаны көп қоссаң, алушылар ренжиді. Оларды да түсінуге болады. Себебі қазір көп адам тамақ үшін ғана жұмыс істейді. Бізге көкөніс өнімдерінің арзан болғаны тиімді».

Бақыт Сұлтанов, Сауда және интеграция министрі:

«Былтыр картоп жалпы экспорт көлемінің 19 пайызын құрады. Бұл нарық тапшылығына әкеліп соқты. Осыдан кейін маусымаралық уақытта картопты импорттау қажеттілігі артады. Бұл жағдай жыл сайын қайталанады. Ауыл шаруашылығы министрлігі осы мәселеге қатысты жүйелі шешім қабылдауға шақырғанымен, жергілікті атқарушы органдар тиісті шара қабылдамай отыр. Былтыр картоп экспортына тыйым салу арқылы ғана баға тұрақтандырылды. Биыл төмен бағамен экспортталған (69 мың тонна) отандық өнім қордың 3 есе қысқаруына (903 мың тоннадан 330 мың тоннаға дейін) әсер еткен».

Сапархан Омаров, Ауыл шаруашылығы министрі:

«Бізде ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілер картоптың әр келісін 200 теңгеден сатады. Үстіндегі бағаны алыпсатарлар мен супермаркеттер қосып отыр».

09 шiлде, 12:00
Қиналғанда қасыңда тіреу болған ағайын
02 шiлде, 11:43
Бір мая шөп – көпке үлгі
02 шiлде, 11:31
Екпе алудың пайдасын халыққа сауатты түрде түсіндіру қажет
02 шiлде, 11:27
Журналист мәртебесін көтереміз!
25 маусым, 12:34
Бесігімізді түзеуде неден сүріндік?
25 маусым, 12:32
Руға тартсақ, ескерткіш те, саябақ та болмайды
25 маусым, 12:27
Жер асты суын пайдалан, жұтамайсың
25 маусым, 12:24
Жаздың жұты жанға батады