jasqazaq.kz
Ақпарат агенттігі

Қазақ құндылығы жасампаздыққа бастайды, ал ЛГБТ азғындыққа апарады

11 маусым, 14:32
247

Қазақ құндылығы жасампаздыққа бастайды, ал ЛГБТ азғындыққа апарады

Соңғы уақытта ЛГБТ өкілдері ерекше белсенділік танытып кетті. Әсіресе, 8 наурызда Алматыда өткізген митингіден кейін, бұлар бас жібін алғандай, еркін әрекет етіп жүр. Өткен аптада ғана қазақтың қаймағы Шымкентке барып, ойларына келгенін істегісі келген. Қала тұрғындары азғындардың жолын кесті. Дегенмен мұнымен тоқтайтын түрі көрінбейді. Осы орайда біз ұлт жанашыры, белгілі қаламгер, ардагер журналист Марат Тоқашбаевты әңгімеге тарттық.

Jas qazaq: Марат аға, қоғамда ЛГБТ деген атау қалыптасты. Бұлар кімдер: ақыл-есі ауытқыған адамдар ма, әлде арнайы жасалған саяси мүдделі топ па?

М.Тоқашбаев: ЛГБТ деген не? Бұл төрт түрлі атаудың бас әріптерінен қысқартылып алынған сөз. Л – лесбий, г – гей, б – бисексуал, т – трансгендер сөздерінің бас әріптерінен алынып, осылай біріктірілген. Жасыратыны жоқ, бұлар өздерін ашықтан-ашық жарнамалап жүр. Сол үшін оқырмандарға түсіндіре кетейін. Лесбий – әйел мен әйелдің одағы. Бисексуал – әрі еркек, әрі әйел бола беретіндер. Гей, яғни гомосексуалдар – еркек пен еркектің жұбы. Ал трансгендер – жыныс мүшесін ауыстырғандар. Бұлар — психологиялық ауытқушылығы бар адамдар. Ерлер өздерін әйелмін, әйелдер өздерін еркекпін деп сендіреді. Тіпті ота жасатып, жынысын ауыстырып жатады.

Бұлар жаңадан пайда болған адамдар емес. Тарихта бұрын да болған. Мәселе бұлардың қашан пайда болғандығында емес. Түйткіл ЛГБТ өкілдерінің күш алып бара жатқандығында. Басты мақсаты – қатарын көбейту, қарасын молайту. Олардың ойынша, саны көбейсе, сөзі өтімді болады, қоғамға ықпалы артады-мыс. Сондықтан бұлар шамасы келгенше, дауысы жеткен жерге дейін ЛГБТ-ның насихатымен айналысады.

Jas qazaq: Бұлар өздерін ақтау үшін гейлер бұрын да болған, лесбияндар тарихта салтанат құрған деген қиялдан аңыз құрап алатын сияқты ғой.

М.Тоқашбаев: Алдымен мына сұраққа толық жауап берейін. ЛГБТ өкілдері кімдер? Бұлар ауру ма, әлде психологиялық ауытқушылығы бар адамдар ма? Осы жөнінде көп ойланып, зерттеу жасап көрдік. Соңғы 2-3 жылдан бері бұлардың тамыры қайда, бұларға қалай қарсы шығуға болады деген сауал негізінде ЛГБТ өкілдерін зерттей бастадым. Бұрын бұларды мен ауру, дерт деп есептейтінмін. Ал ғалымдар зерттеп, мұның ауру емес екенін айтты. Мысалы, гомосексуалдар туабітті емес, жолай пайда болатын азғындық деп түсіндіреді.

Енді сіздің сұраққа келсек. ЛГБТ қауымдастығында логика жоқ. Сіз айтқандай, олар өздері аңыз құрап, жұртты соған сендіргілері келеді.

«Гомосексуалистер бұрын да болған, тіпті жан-жануарлардың арасында да мұндайлар көп кездеседі. Адамзаттың 3-5 пайызы туғаннан бейім болады» деген сияқты аңыз таратады. Оны айта береді, айта береді. Адам туғаннан гей, яғни гомосексуалист немесе лесбиян, не бисексуал, трансгендер болып өмірге келмейді. Тағы да қайталап айтайын, бұл жүре пайда болатын ауытқушылық.

Jas qazaq: Бізге бұл індет қай жақтан келіп таралды?

М.Тоқашбаев: Бұлардың қазіргі шоғырланған ортасы – Америка мен Еуропа елдері. Ол жақтарда билік өкілдерінің арасында, әртістердің ішінде мұндай ауытқушылығы бар қыз-жігіттер өте көп. Соңғы жылдары бұлардың саны біздің елде де артып келеді. ЛГБТ өкілдері қазір өздерінің қатарын көбейтіп, жұмыстарын жүргізу үшін түрлі амал-айлаға барып жүр. Мысалы, бұлар заң жүзінде өздеріне жеңілдік жасалуын талап етеді. Гендерлік саясатты алға тартып, сол арқылы ЛГБТ қауымдастығын Қазақстан қоғамында жария ұйымға айналдырғысы келеді. Қазақстан заңы бойынша барлық азаматтардың құқықтары мен бостандықтары тең, әрі бәрі бірдей қорғалуы керек. Мұндай жағдайда ЛГБТ өкілдеріне айрықша құқық берудің қажеті жоқ. Әйтпесе, тізгін-шылбырдан айырылып қалуымыз мүмкін.

ЛГБТ өкілдері қазақ құндылықтарын аяққа таптап, өздерінің құндылықтарын ашықтан-ашық насихаттап жүр. Қазақ құндылығы жасампаздыққа бастайды, ал ЛГБТ азғындыққа апарады. Сосын, бұлардың тағы бір айласы – жастарды өздеріне тартады. Жастарға әртүрлі жолдармен есірткі беріп, қақпанға түсіреді. Бұл — олардың бейбіт айласы. ЛГБТ-ның күш қолдану амалы тағы бар, яғни педофилдерді пайдаланады. Азғындар жас балаларды алдап-арбап, зорлап, сосын жұртқа масқаралаймыз деп қорқытып, бопсалайды. Зорлық көрген бала мұны әке-шешесі түгілі, бөтен адамға айтудан арланады. Сөйтіп бір емес, бірнеше рет зорлық көреді. Тұтқын болады. Іштен тынады. Жүре келе өзі де педофилге айналады. Өйткені оның ішінде шемен боп қатқан кек бар. Қысқасы, педофилдерді ЛГБТ қауымдастығының алдыңғы шепте жүретін «гвардиясы» деп айтуға болады.

Jas qazaq: ЛГБТ өкілдерінің артында кімдер тұр? Америка мен Еуропада азғындық өршіп тұрғанын әлгінде айттыңыз.

М.Тоқашбаев: Бұлардың қорғаушылары – АҚШ-та мемлекеттік қызметте отырған жоғары лауазым иелері. Оның ішінде Ақ үйде, Конгрессте істейтіндер бар. Тіпті министрлер бар, олар өздерінің гей екенін ашық айтып жүреді. Солар бүкіл әлемде ЛГБТ насихатын жүргізіп отырады. Соңғы жылдары Оскар сыйлығына үміткер кинотуындыға қойылатын 6 талаптың бірі – ЛГБТ туралы бір үзік кадр, идея болуы шарт. Осы арқылы халықтың санасына мұны қалыпты жағдай ретінде сіңіру үрдісі жүріп жатыр.

Біздің білетініміз, қоғамда ер мен әйелдің некесі ғана бар. Ал Американың кейбір штаттарында 33 түрлі неке заңдастырылыпты. Бәрін айтып отырмайын. Мысалы, әйел мен әйел, ер мен ердің некесінен тыс, әйел мен иттің, еркек пен жыланның қосылуы деген сияқты жағдайлардың бәрін заңдастырып қойған.

Ауғанстанда гомосексуализм қатты «дамыған». Бұл анық ақпарат. Ауған соғысы кезінде дала командирлерінің көбінің жанында «бәтчә» деген жас жігіттер болған. Ары-бері жұмсап отыратын көмекшілері. Солар әйел қызметін атқарған. Қазір де бар олар. Сондай-ақ гомосексуалистердің ордасы – түрме мен әскери казарма. Ресей әскери казармаларында бұл көрсеткіш 30 пайызға жетті деген дерек бар. Былтыр ғана әскерге шақыртылған татар жігіт 8 адамды қырып тастады ғой. Сол оқиға гомосексуалистердің әрекетінен туған дүние.

Jas qazaq: Соңғы уақытта бұлар әр қалада қатты белсенділік танытып кетті. Бұрын қойдан жуас еді. Бұлар неге ашық шыға бастады?

М.Тоқашбаев: Қазақстан Тәуелсіздік алғанына емес, Тәуелсіздікті қайтып алғанына биыл 30 жыл толды. Осындай мерейлі даталардың тұсында АҚШ пен Батыс елдері үнемі сыртта отырып, тосқауыл қояды. Сосын біздің елге іштей идеологиялық іріткі салуға тырысады. Әдетте, мұсылман елдерінде патриотизм, яғни Отанды сүю деген сезім өте жоғары. Оның үстіне, Қазақстанның жері кең, әлемде 9-орын алады. Халқы қиындыққа төзімді, көнбіс болып келеді. Міне, осындай қасиеттеріміз – империялардың көзқұрты емес пе? Сондықтан олар ашықтан-ашық соғыс ашпаса да, ЛГБТ сияқты азғындар арқылы қазақты әлсіреткілері келеді. Жаман айтпай, жақсы жоқ. Егер бұлар күш алып кетсе, полиция мен әскердің арасына ендеп кетсе, елді қорғайтын еркек қалмайды! Содан абай болып, алдын алу керек. Өзіңіз айтыңызшы, құлағына сырға таққан жігіт Отанын қорғай ма? Әйел мінезді, жігерсіз, жасық әскер мылтық ұстай ала ма?

Jas qazaq: Әйел мінезді деген сөзіңізден шығады. Біздің елде жалғызбасты әйел көп. Ерінен ажырасқан әйелдің тәрбиесінде болған ұл баланың бойында кемшілік көп болады екен. Мұны психологтар айтып отыр. Ондай бала ержетіп, өзі үй болғанда, әйеліне арқа сүйейтін жасық, боркемік, әйел мінезді, тізгін-шылбырды келіншегіне бере салатын ез болады екен. Бұл Құдай жаратқан еркек табиғатына қоғамның қылған қысастығы емес пе?

М.Тоқашбаев: Өте жақсы ой айтып отырсыз. Жасыратыны жоқ, қазір балабақшада тәрбиеші – әйел. Мектепте мұғалім – әйел. Үйдегі анасы нәзік жанды. Әкесі болған күннің өзінде, билікті анасы жүргізеді. Мұндай отбасында туған баланың қиын сәтте халықты емес, қара басын да қорғай алмайтын боркемік болатынын ауған соғысы кезіндегі оқиғалар дәлелдеді. Мен ауған соғысы туралы әлеуметтік зерттеулер жүргізіп, командирлермен сұхбаттасқан едім. Сонда әйел тәрбиелеген әскердің шешуші сәтте бұғып қалатынын, қорқақ, жасық, басқаларға иек сүйейтінін, өзіне сенбейтінін айтты. Тіпті қара басын да қорғай алмай қалған. Сондықтан ұл баланы ержүрек, еркек қылып тәрбиелеу керек! Әуезовтің сөзін толықтырып былай айтып жүрмін: «Ел боламын десең, бесігіңді түзе. Бесігіңді түзеу үшін әйелді түзе. Әйелді түзеу үшін, еркектер, өзіңді түзе».
Балаға әкенің де, шешенің тәрбиесі керек. Бірақ ұлға әкенің, қызға шешенің тәлімі ауадай қажет. Бала толыққанды азамат болу үшін толыққанды тәрбие керек! Осыны бүгін үйленіп, ертең ыдыс-аяғы сылдырлай қалса, баласын тірі жетім етіп ажырасып жататын жастар ойлануы керек. Өйткені оның мойнында өзінің ғана емес, ұрпағының, қоғамның жауапкершілігі тұр. Тек шешенің ықпалында ғана өскен қыз да дұрыс тәрбие алмайды. Өйткені ол ертең өзінің күйеуін билегісі келіп тұрады. Шешесін көріп өсті ғой. «Шешесін көріп – қызын ал» деген сол. Сондықтан, қандай жағдай болса да, үйде еркектің сөзі – шешім, әкенің мысы басым болуы тиіс. Сонда үйдің шегесі мықты, босағасы құтты болады.

Jas qazaq: Мәселе болған соң оны шешудің жолы да болу керек. Жалпы қоғамнан осы бір жыныстыларды аластатудың заңды, сауатты жолы бар ма?

М.Тоқашбаев: Қоғамның дертіне айналған тобырмен күресіп жүргендер көп. Мәселен, актер Мәдияр Серікбаев, журналист Ардақ Байғабыл, Тілеужан Кішкенбаев деген адвокат, Мұрат Мұхамеджанов деген полковник бар. «Намыс» тобындағы жігіттер, психолог Айгүл Қараманова, Мақсат Мамадияр, Әлібек Шынтемір деген журналистер де қарсылық білдіріп, күресіп жүр. Қазақстан ата-аналар одағының басшысы Бағила Балтабаева да қазаққа төнген азғындықтың алдын алу үшін шырылдап жүр.

ЛГБТ өкілдері өткен аптада ғана Шымкентте халықтың наразылығына ұшырады. 8 наурызда Алматыда митинг өткізді. Сол митингіде «Қызға қырық үйден тыйым емес, қырық үйден рұқсат», «Менің жатырым – менің ережем» деген сияқты жасанды ұрандармен бой көрсетті. Бұл енді ашықтан-ашық шығуы.

Қазақстан халқының төрттен үш бөлігі — мұсылман. Мұндай азғындыққа ислам діні еркіндік бермейді. Содан кейін, ЛГБТ өкілдері табиғи жолмен өмірге ұрпақ әкеле алмайды. Мейлі, қайсысы болсын, бұлардың бала табу қабілеті жоқ. Қазақстан таяу жылдары халық санын 25 миллионға жеткізуді көздеп отырған ел. Оған ЛГБТ-ның азғындары үлес қоспайды деген сөз. Міне, осындай себептермен біз бұл азғындарға үнемі тосқауыл қоюымыз керек. Егер біз бұларға үнемі қарсылық жасап отырмасақ, ұл-қызымыздың тағдырын талқандап аламыз. Бүкіл қазақтың ойы — осы.

Қазір бұл азғындардың жиырма шақты түнгі клубы, он шақты сайты бар. Олар күндіз-түні жұмыс істейді. ЛГБТ-ның жымысқы жұмысы балабақшадан басталады. Тіпті кейбір ойыншықтардың түсін ЛГБТ жалауындай етіп шығарады. Бұл да баланың көзін үйрете беру. Мектептерге арналған «день наоборот», «ночь на день» деген бағдарламалары бар. Ұлды қыз, қызды ұл етіп киіндіреді. Соны әлдеқандай мереке етіп өткізеді. Ұлдар қыздың көйлегін киіп, ернін бояйды. Қыздар ұлдың киімін киіп, еркектің кейпіне енеді. Бұл да өз қатарын толықтыруға арнаған амал-айласы. Сондықтан балаларымызды қадағалап отыруымыз керек. Олар ұялы телефонда не көріп жүр? Қандай сайттарға кіреді? Кімдермен сөйлеседі? Соның бәрін қараусыз қалдырмаған жөн.

Jas qazaq: Әңгімеңізге рахмет!

Жарас Кемелжан

01 қазан, 14:49
Қартайғанда көңіл қосқан
01 қазан, 11:55
Қара жолдың бойында...
01 қазан, 11:51
Жұмабек Өмірзақов: Бізді жарға жығатын – жершілдік
01 қазан, 11:41
Дау неге жиі тұтанды?
01 қазан, 11:36
Спорт кешендері қаңырап тұр
01 қазан, 11:33
Семей қашан қала болды?
24 қыркүйек, 13:27
Кибербуллингке тосқауыл
24 қыркүйек, 11:57
Кеселдің кесірі