jasqazaq.kz
Ақпарат агенттігі

Салық төлеуден жалтаруға көмектескендер сотталды (Видео)

10 маусым, 12:29
84

Салық төлеуден жалтаруға көмектескендер сотталды (Видео)

4 жыл бойы заңсыз әрекеттермен айналысқан қылмыстық топ жойылды.

ҚР Қаржы мониторингі агенттігі баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, салық төлеуден қасақана жалтару ҚР ҚК-нің 236-бабына сәйкес қылмыстық жауапкершілікті көздейді.

Павлодар облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті іс жүзінде жұмыстар орындалмай, қызметтер көрсетілмей және тауарлар тиеп-жөнелтілмей жалған шот-фактураларды жазып берумен айналысқан ұйымдасқан қылмыстық топ қызметінің жолын кесті.
— 11 қатысушыдан тұратын топ Павлодар қаласының аумағында 4 жыл бойы жосықсыз салық төлеушілерге салық төлеуден жалтаруға жәрдемдесу мақсатында әрекет еткен. Топ мүшелері бақылауындағы 20 жалған фирма арқылы жалған бухгалтерлік құжаттарды жазып берумен айналысқан, — деді баспасөз қызметінде.
Нәтижесінде мемлекетке қылмыстық топтың заңға қайшы қызметінен 500 млн теңгеден астам сомаға төленбеген салықтар түрінде залал келтірілді.

Кінәлі тұлғалар 1,5 жылдан 6,5 жылға дейінгі мерзімге сотталды.

Мемлекет кірісіне 4 пәтер және 3 автокөлік тәркіленді.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от АФМ РК (@afm_rk)

Pavlodarnews.kz

11 маусым, 14:54
Туға тіл тигізіп, оңай құтылды
11 маусым, 14:51
Ұшты, ұшты Картоп «ұшты»
11 маусым, 14:40
Көшті қозғаған мақала
11 маусым, 14:32
Қазақ құндылығы жасампаздыққа бастайды, ал ЛГБТ азғындыққа апарады
04 маусым, 13:40
Шығысқа көш неге баяу?
04 маусым, 11:41
Берік Садыр: Қазір сыналған адам емес, сынаған адам сүйкімсіз болып жатады
04 маусым, 11:17
600 мың гектар жер шаруаға қайтарылады
04 маусым, 11:10
Мал қырылып, қуаңшылық қысып барады