jasqazaq.kz
Ақпарат агенттігі

Парламент Байқоңырды Ресейге жалға беру уақытын ұзартты

10 маусым, 14:03
202

Парламент Байқоңырды Ресейге жалға беру уақытын ұзартты

Сенат Қазақстан мен Ресей үкіметі арасындағы Байқоңырды жалға алу шартына түзетулерді қабылдады. Ол Ресей тарапына ғарыш айлағын жалға беруді 2050 жылға дейін ұзартуға мүмкіндік береді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz.

«Байқоңыр» кешенін жалға беру шартының 4-бабына түзетулер енгізу бөлігінде хаттаманы ратификациялау туралы заң жобасы «Байқоңыр» кешенін жалға алу мен пайдалануды 2050 жылға дейін ұзартуға мүмкіндік береді», — делінген сенаттың Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің қорытындысында.

Хаттаманы ратификациялау нәтижесінде «Байқоңыр» кешенінің ғылыми-техникалық, өндірістік, әлеуметтік-мәдени әлеуетін сақтауға, тиімді пайдалануға және дамытуға мүмкіндік беретін бұрын қабылданған міндеттемелерді үйлестіру күтіледі деп көрсетілген. Сонымен қатар, аймақтағы әлеуметтік-экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету көзделген.

11 маусым, 14:54
Туға тіл тигізіп, оңай құтылды
11 маусым, 14:51
Ұшты, ұшты Картоп «ұшты»
11 маусым, 14:40
Көшті қозғаған мақала
11 маусым, 14:32
Қазақ құндылығы жасампаздыққа бастайды, ал ЛГБТ азғындыққа апарады
04 маусым, 13:40
Шығысқа көш неге баяу?
04 маусым, 11:41
Берік Садыр: Қазір сыналған адам емес, сынаған адам сүйкімсіз болып жатады
04 маусым, 11:17
600 мың гектар жер шаруаға қайтарылады
04 маусым, 11:10
Мал қырылып, қуаңшылық қысып барады