jasqazaq.kz
Ақпарат агенттігі

Оралда 37 жастағы азамат қызғаныштан сүйіктісін тепкілеп пышақтап тастады

10 маусым, 21:35
649

Оралда 37 жастағы азамат қызғаныштан сүйіктісін тепкілеп пышақтап тастады

Қызғаныштан ғашығын пышақтап тастады. Қазір 36 жастағы жәбірленуші жансақтау бөлімінде ауыр халде жатыр. Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлады.

Оқиға бақылау камерасына жазылған. Ер адам дүкенге кіріп, екі сатушы мен кішкентай қызды бұрышқа тақап, құқай көрсетіп тұр. Кейін екі әйел де таяқ жеп, шеттегісі бірнеше мәрте пышақталады. Кішкентай қыз анасын қорғап әлек. Бірақ қаскөй оған қарап жатқан жоқ. Сосын оқиға орынан із суытады. Бірақ дүкеннен шыға бергенде тәртіп сақшысының көзіне түсіп ұсталып қалады. Ол Ақтөбе қаласының 37 жастағы тұрғыны болып шықты. Оның жәбірленушімен бірнеше жылдан бері байланысы болып, Оралға жиі келіп жүрген. Сол күні кезекті мәрте сүйктісін іздеп келген беті екен. Ал тәртіп сақшылары күдіктінің бұл қадамға баруына қызғаныш себеп болған дейді. Қылмыс жасаған кезде мас болыпты. Ғашығын мерт қыла жаздаған Ақтөбе тұрғыны қамауға алынды. Ал жәбірленуші жансақтау бөлімінде жатыр.

11 маусым, 14:54
Туға тіл тигізіп, оңай құтылды
11 маусым, 14:51
Ұшты, ұшты Картоп «ұшты»
11 маусым, 14:40
Көшті қозғаған мақала
11 маусым, 14:32
Қазақ құндылығы жасампаздыққа бастайды, ал ЛГБТ азғындыққа апарады
04 маусым, 13:40
Шығысқа көш неге баяу?
04 маусым, 11:41
Берік Садыр: Қазір сыналған адам емес, сынаған адам сүйкімсіз болып жатады
04 маусым, 11:17
600 мың гектар жер шаруаға қайтарылады
04 маусым, 11:10
Мал қырылып, қуаңшылық қысып барады