jasqazaq.kz
Ақпарат агенттігі

Қызылордада сотталғандар көлік бамперін шығарып жатыр

10 маусым, 12:19
103

Қызылордада сотталғандар көлік бамперін шығарып жатыр

Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті жазасын өтеушілерді қайта тәрбиелеу арқылы қолынан келгенше олардың түзу жолға түсуіне барынша ықпал жасап жүр.

zakon.kz хабарлағандай, бір ғана ЗК-169/5 түзеу мекемесінің өндіріс аймағында 13 кәсіпкер жұмыс көздерін ашып, сотталушыларды жұмыспен қамтып отыр.

Мекеме әкімшілігі түрмеде отырғандарды икем дағдысына, біліміне қарай жұмыспен қамтуда. Ағымдағы жылдың сәуір айынан бастап 4 сотталушыны жұмыспен қамтыған «Ердаулет» жеке кәсіпкерлігі жеңіл автокөліктердің қосалқы бөлшектерін (бампер, салон т.б) жасап нарыққа шығаруда. Қазір сотталғандардың қолынан шыққан бөлшектерге жақын шетелдерден (Тәжікстан, Қырғызстан) тапсырыстар түсіп жатыр.

Ашылғанына 2 ай ғана болған өндіріс орнында «Mercedes-Benz», » Sprinter», BMW автокөліктерінің түріне ғана шақталған матрица бар. Матрица дегеніміз кәдімгі қалып. Автокөліктің қосалқы бөлшегі бампердің жасалу жолын сотталған азамат жіті түсіндіріп берді. Алдымен қалыпты арнайы ертіндімен жуып тазалып алып, өнімді қалыпқа құяды екен. Оның айтуынша, құйылған бамперлер мықты, карбоннан жасалғандықтықтан темірден екі есе жеңіл, төрт есе мықты дейді. Аптасына 2-3 бампер шығарамыз деп, автокөліктерінің дайын бамперлерін көрсетті. Тапсырыстарды дер кезінде жасауға тырысамыз дейді ол.

ЗК-169/5 мекемесіне кәсіпкерлерді тарту мақсатында бірқатар жұмыстар атқарылды. Соның нәтижесінде, бүгінде мекеменің өндірістік аймағында 13 кәсіпкер жұмыс жасап, 232 сотталушыны жұмыспен қамтып отыр. Онда сотталған азаматтар әк өндіру, нан цехы, газоблок, кірпіш, құм блоктарын өндіру, колөнер мен аяқ киім тігумен айналысады. Жуырда автокөліктердің қосалқы бөлшектерін дайындайтын өндіріс орны ашылды. Әзірге төрт адамды жұмыспен қамтып отыр. Жеке кәсіпкер тарапынан басқа да автокөліктердің матрицаларына тапсырыс берілген. Тапсырыс келіп жатса, жұмысшылар санын көбейтпекші.Бұл дегеніміз жұмысқа қабілетті сотталғандарды жұмыспен қамтудың тиімді жолы, деді мекеме бастығының орынбасары әділет подполковнигі Ж.Ауешов.

11 маусым, 14:54
Туға тіл тигізіп, оңай құтылды
11 маусым, 14:51
Ұшты, ұшты Картоп «ұшты»
11 маусым, 14:40
Көшті қозғаған мақала
11 маусым, 14:32
Қазақ құндылығы жасампаздыққа бастайды, ал ЛГБТ азғындыққа апарады
04 маусым, 13:40
Шығысқа көш неге баяу?
04 маусым, 11:41
Берік Садыр: Қазір сыналған адам емес, сынаған адам сүйкімсіз болып жатады
04 маусым, 11:17
600 мың гектар жер шаруаға қайтарылады
04 маусым, 11:10
Мал қырылып, қуаңшылық қысып барады