jasqazaq.kz
Ақпарат агенттігі

Қарағандыда иесі итін үшінші қабаттан лақтырып жіберген (Видео)

10 маусым, 17:12
24

Қарағандыда иесі итін үшінші қабаттан лақтырып жіберген (Видео)

Қарағанды ​​қаласының Октябрь ауданында ит үшінші қабаттың балконынан құлап түсті.

Иттің құлағанын видеоға түсірген куәгерлер оның өліміне иесін кінәлап отыр. Видео авторларының айтуынша, итті иесі үшінші қабаттан лақтырып жіберген. «Иттің жан дауысы шықты, ол қатты қыңқылдады. Адамдар итке көмектеспек болған, алайда ол қатты жарақаттанған еді. Бұл оқиға 8 маусымда болған. Иттің иесі мас болған. Ол тіпті өтіп бара жатқан адамдарға да тас лақтырды», – деді куәгерлер. Видео әлеуметтік желілерде жарияланғаннан кейін, полиция қызметкерлері де оған қызығушылық танытқан. Қарағанды ​​облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі бұл факт теміржол полициясы басқармасында тіркелгенін хабарлады. «Ер адам итті үшінші қабаттың балконынан лақтырды деген хабарлама полиция бөліміне 8 маусымда келіп түсті. Оқиға орнына жедел-тергеу тобы келді. Полиция иттің иесін анықтады. Ол 50 жастағы ер адам болып шықты. Оның айтуынша, жануар терезенің жанындағы стөлде отырған. Даладан екінші бір иттің дауысын естіп, ит терезеден секіріп кеткен. Бұл факт сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізілімінде «Жануарларға қатыгездік» бабы бойынша тіркелді”, – деп мәлімдеді

 

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Karaganda | Караганда (@karaganda.city)

Дереккөз: Stan.kz

11 маусым, 14:54
Туға тіл тигізіп, оңай құтылды
11 маусым, 14:51
Ұшты, ұшты Картоп «ұшты»
11 маусым, 14:40
Көшті қозғаған мақала
11 маусым, 14:32
Қазақ құндылығы жасампаздыққа бастайды, ал ЛГБТ азғындыққа апарады
04 маусым, 13:40
Шығысқа көш неге баяу?
04 маусым, 11:41
Берік Садыр: Қазір сыналған адам емес, сынаған адам сүйкімсіз болып жатады
04 маусым, 11:17
600 мың гектар жер шаруаға қайтарылады
04 маусым, 11:10
Мал қырылып, қуаңшылық қысып барады