jasqazaq.kz
Ақпарат агенттігі

Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күні — ашық диалог

10 маусым, 12:06
14

Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күні - ашық диалог

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күніне арналған дөңгелек үстел өтті. Іс-шараны БҰҰ-ның Қазақстандағы ақпараттық кеңсесінің қолдауымен университеттің Пан Ги Мун атындағы тұрақты даму институты ұйымдастырды. Ашық диалогқа белгілі қоғам қайраткерлері, экологтар, ғалымдар, қоршаған ортаны қорғау саласындағы сарапшылар, мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысты.

Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күні - ашық диалог

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, БҰҰ-ның тұрақты даму жөніндегі «Академиялық ықпал» бағдарламасының Жаһандық хабын басқара отырып, халықаралық академиялық қауымдастықты БҰҰ қабылдаған Тұрақты Даму Мақсаттарын жүзеге асыруға және қол жеткізуге белсенді түрде жұмылдыруда, олардың бірі қоршаған ортаны қорғау. Іс-шара барысында келесі тақырыптар талқыланды: «Қоршаған ортаның балалардың әл-ауқаты мен денсаулығына әсері», «Қазақстан экожүйесін қалпына келтіру», «Экологиялық өзгерістердің тұрмыстық орта мен тұрмыстық жағдайларға әсері және жабайы жануарлар».

Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күні - ашық диалог

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Басқарма Төрағасы Жансейіт Түймебаев форум қатысушыларына қарсы алу сөзін жолдады. Ол адамзаттың ғаламдық мәселелерінің бірі – қоршаған ортаның үнемі нашарлау үстінде екенін баса айтты. Адамзат пен табиғат арасындағы белсенді байланыс экожүйенің бұзылуына әкелді, олардың көпшілігі қайтымсыз. Сондықтан БҰҰ 1972 жылы бекіткен Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күні – әлем назарын табиғат проблемаларына аударудың бірден бір жолы.

Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күні - ашық диалог

«Биыл еліміз өз тәуелсіздігінің 30 жылдығын атап өтуде. Біріккен Ұлттар Ұйымының толыққанды мүшесі ретінде Қазақстан әр жылдары Тұрақты Даму Мақсаттарының бір бөлігіне айналған бірқатар бастамаларды алға тартты. Осындай жаһандық бастамалардың бірі – 2010 жылы Тұңғыш Президент-Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев ұсынған «Жасыл көпір». Осы идеяны қолдап насихаттай отырып, біздің университет 2012 жылы Бразилияда өткен «РИО + 20» Дүниежүзілік саммитінде ұсынылған және академиялық қоғамдастықтың қолдауына ие болған «Ұрпақтар арасындағы жасыл көпір» халықаралық жобасын жүзеге асыруда», — делінген қарсы алу сөзінде.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Елбасының бастамасын жалғастыра отырып, қазақстандық мектептерде балаларды оқыту жоспарына жаңа пән – экологиялық білім беруді енгізуге шақырды. Жақында Мемлекет басшысы Қазақстанның экожүйелерді қалпына келтіру және «жасыл күн тәртібін» ілгерілету мақсатында БҰҰ-ның 10 жылдығына қатысуына ниет білдірді.

Кездесуде Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Аружан Саин ұлт денсаулығын сақтауда қоршаған ортаны қорғаудың маңыздылығын баса айтты. Ол жағымсыз экологиялық зардаптар ең алдымен балалар мен болашақ аналарға, ең осал және тәуекел етуші топтарға кері әсер ететіндігін атап өтті. Экологиялық мәселелерді шешу біздің қоғамымыз бен мемлекетіміздің басымдығына айналуы тиіс.

БҰҰ қоршаған орта бағдарламасының Орталық Азиядағы аймақтық кеңсесінің жетекшісі Айдай Құрманованың айтуынша, ғылым, білім мен жастардың симбиозы аса маңызды. Академиялық қоғамдастық ұсынған бастамалар тұрақты дамуда, оның ішінде қоршаған ортаны қорғау мен экожүйені сақтау саласында маңызды рөл атқарады. Осы бағытта күш-жігерді біріктіріп, азаматтар, қоғам мен бизнестің санасын өзгерту, экологиялық ойлау мен табиғатты құрмет тұтуды қалыптастыру қажет.

Кездесуде БҰҰ-ның Жаһандық коммуникациялар департаментінің Қазақстандағы өкілі Властимил Самек сөз сөйлеп, жастар мен студенттердің экологиялық қозғалыстағы және Тұрақты Даму Мақсаттарына жетудегі белсенді рөлін атап өтті. Алматы қаласы Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасының бастығы Еркебұлан Оразалин қаланың экологиялық жағдайын жақсарту, «жасыл» қорды сақтау, «Қайырымды қала» жобасын іске асыру және осы бағытта қоғаммен өзара іс-қимыл жөніндегі қабылданған шаралар туралы айтты. Сонымер бірге, ҚазҰУ оқытушылары мен докторанттары экологиялық журналистика, биоалуандылық және қоршаған ортаны қорғаудың түрлі ғылыми тақырыптары бойынша өз баяндамалары мен презентацияларын таныстырды.

11 маусым, 14:54
Туға тіл тигізіп, оңай құтылды
11 маусым, 14:51
Ұшты, ұшты Картоп «ұшты»
11 маусым, 14:40
Көшті қозғаған мақала
11 маусым, 14:32
Қазақ құндылығы жасампаздыққа бастайды, ал ЛГБТ азғындыққа апарады
04 маусым, 13:40
Шығысқа көш неге баяу?
04 маусым, 11:41
Берік Садыр: Қазір сыналған адам емес, сынаған адам сүйкімсіз болып жатады
04 маусым, 11:17
600 мың гектар жер шаруаға қайтарылады
04 маусым, 11:10
Мал қырылып, қуаңшылық қысып барады