jasqazaq.kz
Ақпарат агенттігі

Құдаша қыз қарызға батырды (Видео)

08 маусым, 10:47
526

Құдаша қыз қарызға батырды (Видео)

«20 миллион теңге!» Алматы тұрғынын өз құдашасы осынша сомаға қарызға батырып кеткен. Ол ипотекаға үй алып беремін деп алдап, туыстарын миллиондаған қарызға батырған. Жергілікті полицияға арызданғанымен күдікті әлі күнге бостандықта жүрген көрінеді. Ал зардап шеккендердің жеке шоттары бұғатталған, деп хабарлайды»Еуразия» бірінші арнасы.

Үй алып беремін деп, үйдей қарызға батырды. Жұмыс тауып беремін деп жоқ болды. Алаяқтың түрі көп, бірақ бұл жолғы кесір құдашадан.

Назгүл Әлішева, қала тұрғыны:

Менің алыс туысқаным жұмыс тауып, ипотекаға пәтер алуға көмектесемін деді. Менің атыма көлік рәсімдеді. Екі телефон, 3 онлайн несие алды. Сол уақытқа дейін шыны керек, мен өзім үшін де кредит алған емеспін. Жалғыз мен емес, туысқандарымыздың көпшілігін несиеге отырғызды.
Бір ғана Назгүлдің өзі банктерге бас-аяғы 20 миллионның үстінде борыштар. Әбден әккіленіп алған алаяқ өзге туысқандарына да айласын асырып үлгерген. Сондағысы таныстары арқылы ипотекаға пәтер алып беремін деп бөскен. Қазір не пәтер, не көлік жоқ. Ал банктегі несиенің үстемесі сәт сайын еселеніп жатыр.

Назгүл Әлішева, қала тұрғыны:

Көлікті жалға беріп, ақшасын қайтарамын деп уәде еткен болатын. Алайда кейіннен сұрастыра келе, машинаны сатып жібергенін білдік. Бір емес, қатарынан 14 көлік сатқан көрінеді. Бұл ақпаратты бізге алып-сатарлар айтып берді.
Зардап шеккендердің дені қазір жұмыссыз жүр. Себебі жеке шоттары бұғаттаулы. Полицияға жазған арыздары да нәтиже бермеген. Тергеушілер қазір тіпті тұтқаны да көтеруден қашады, дейді.

Жамбыл облысының тұрғыны Мейрамгүл Затыбекованың да күндіз күлкі, түнде ұйқысынан қағылғанына екі жыл болған. Бәз біреулер оның атына алаяқтық жолмен несие рәсімдеген. Қазір жалақысының жиырма пайызы ғана қолына тиіп отыр. Зардап шеккендер жабылып жүріп, күдіктінің кінәсін толықтай дәлелдеп берген. Айғақ жеткілікті. Алайда соттың нақты шешімі жоқ.

Мейрамгүл Затыбекова, Аса ауылының тұрғыны:

Бізде Адилова, Маргарита Германның толығымен мойындап отырған хаттары да аудиожазбасы да бар. Біз сіздерді алдадық, мойындаймыз. Енді несиені өзіміз төлейміз деп. Бүкіл айғақтарды апарып бердік. Бірақ екінші сот бізге шешіп бермей, звондасақ, тұщымды жауап ала алмаймыз.
«Карантин кезеңінен бері алаяқтық деректер 20 пайызға көбейді», дейді мамандар. Бірақ, сол алданып қалғандардың біразы тұзаққа өз аяқтарымен барып түскендер. Мәжбүрлеу болмаған соң, дәлелдеудің өзі қиынға соғады.

Салтанат Әзірбек, қалалық полиция департаментінің ресми өкілі:

Осы сұрақты шешу аясында біздің полиция департаментінің басшылығы екінші дәрежелі банктер мен шағын несие ұйымдарымен бірлесе отырып, шынында да қылмыстардың құрбаны болған қылмыскерлердің құрбаны болған азаматтарды осындай несиелер төлеуден босатуды қазіргі таңда қарастырып жатырмыз.
Осы орайда, арнамыздан көмек сұрап, шағымданған тұрғындардың сауалын бақылауға алатынымызды айта кетейік. Себебі ресми органдарға жолдаған сұрағымызға нақты жауап берілген жоқ. Десе де, тәжірибе көрсеткендей, осы сарындағы қылмыстардың тек 35 пайызы ғана ашылатын көрінеді.

01 қазан, 14:49
Қартайғанда көңіл қосқан
01 қазан, 11:55
Қара жолдың бойында...
01 қазан, 11:51
Жұмабек Өмірзақов: Бізді жарға жығатын – жершілдік
01 қазан, 11:41
Дау неге жиі тұтанды?
01 қазан, 11:36
Спорт кешендері қаңырап тұр
01 қазан, 11:33
Семей қашан қала болды?
24 қыркүйек, 13:27
Кибербуллингке тосқауыл
24 қыркүйек, 11:57
Кеселдің кесірі