jasqazaq.kz
Ақпарат агенттігі

Теміртауда болған атыстың видеосы тарады

09 мамыр, 17:10
2176

Теміртауда болған атыстың видеосы тарады

Теміртауда жанжалдасып қалған баласы үшін атыс шығарған әкенің видеосы пайда болды. Мылтықпен оқ атқан ер адам ұсталды. Бұл туралы Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап Tengrinews.kz хабарлады.

«9 мамырда жедел-іздестіру шарасы барысында Теміртау полиция басқармасының криминалдық полиция қызметкерлері 32 жастағы қала тұрғынын ұстады. Күдікті өз кінәсін мойындады. «Armsan» маркалы тегіс ұңғылы мылтық тәркіленді. Тиісті сараптамалар тағайындалды», — деді ПД баспасөз қызметі өкілдері.

Айта кетейік, бұған дейін Теміртауда балалар арасындағы жанжал атыспен аяқталғаны хабарланған болатын. 8 мамырда кешке Теміртаудағы 8-ші шағын аудан аулаларының бірінде екі кәмелетке толмаған бала арасында жанжал туып, оларды ажырату үшін әкелері шыққан. Оқиғаның мән-жайын анықтау барысында балалардың бірінің 43 жастағы әкесі 32 жастағы қарсыласының бетінен ұрған. Кейін соққы жеген ер адам үйінен мылтық алып шығып, екі рет ауаға оқ атып, қашып кеткен.

Бұл дерекке қатысты ҚР ҚК-ның 293-бабы 3-бөлігі «Бұзақылық» бойынша қылмыстық іс тіркелген.

09 шiлде, 12:00
Қиналғанда қасыңда тіреу болған ағайын
02 шiлде, 11:43
Бір мая шөп – көпке үлгі
02 шiлде, 11:31
Екпе алудың пайдасын халыққа сауатты түрде түсіндіру қажет
02 шiлде, 11:27
Журналист мәртебесін көтереміз!
25 маусым, 12:34
Бесігімізді түзеуде неден сүріндік?
25 маусым, 12:32
Руға тартсақ, ескерткіш те, саябақ та болмайды
25 маусым, 12:27
Жер асты суын пайдалан, жұтамайсың
25 маусым, 12:24
Жаздың жұты жанға батады