jasqazaq.kz
Ақпарат агенттігі

Түлкібас ауданының тұрғыны газ ұрлаймын деп істі болды

04 мамыр, 14:20
13

Түлкібас ауданының тұрғыны газ ұрлаймын деп істі болды

Түркістан облысының Түлкібас ауданында жергілікті тұрғын көгілдір отын ұрлап, қолға түсті.

Газбен жабдықтау жүйесіне рұқсатсыз қосылу, көгілдір отынды ұрлау қылмыстық құқық бұзушылыққа жататынын көп адам біле бермейді. Түркістан облысы Түлкібас ауданы М.Жарымбетов ауылында осындай әрекетке кінәлі адамға ірі айыппұл салынып, қылмыстық жауапқа тартылды. Бұл қылмыстық оқиға былай дамыды. Өткен жылдың қаңтар айында О. есімді азамат тұтынатын табиғи газды тегін пайдаланудың жолып тапқан. Өзіне және айналасындағыларға қауіп төнгеніне қарамастан, ол үйінің тұсынан өтіп тұрған газ құбырын екі жерден тесіп, оған темір құбыр, резеңке шланг бекітіп, «ҚазТрансГаз Аймаққа» ұйымына тиесілі газды заңсыз пайдалана бастаған. Ең қызығы, ұрыны газ шаруашылығының мамандары екі рет ұстап, газдан ажыратқанымен ол көрші газ құбырына заңсыз қосылып, көгілдір отынды ұрлауын жалғастыра берген. Бір жыл ішінде осындай жолмен ұрланған газ көлемі 400 мың теңгеге жуықтаған Ақыр соңында, қылмыстық іс қозғалып, іс сотқа жетті. Сот азамат О. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабының 1-бөлігінде көзделген қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп таныды және оған бір жыл мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындады. Бұл ретте, сот газ таратушы мекеменің азаматтық талап-арызын толық қанағаттандырды. «Айта кету керек, көгілдір отынды ұрлау фактісінен басқа, тұрмыста газды пайдалану ережелерін бұзу ең ауыр зардаптарға әкелуі мүмкін. Пайдалану ережелерін, қауіпсіздік техникасын сақтамай рұқсатсыз ойып қосу газдың таралуына, баяу жиналған жердегі концентрация артқан кезде жойқын жарылысқа әкелуі мүмкін. Оның салдары ауыр, тіпті өрт болып, адам өліміне соқтыруы әбден мүмкін»,-дейді мамандар.

ҚазАқпарат

Бүгін, 11:53
«Бір өзеннің бойындағы елдердің мүддесі ортақ болуы керек»
30 сәуiр, 11:14
Қазақтың мұңлық ақыны
30 сәуiр, 10:59
Бос қайтқан ұшақ
30 сәуiр, 10:51
Ми «көші»
30 сәуiр, 10:45
Күліп келген қарыз жылап қайтады
30 сәуiр, 10:43
17-ші қабаттағы атыс (оқиғадан кейінгі ой)
30 сәуiр, 10:38
Барыс-келіс болмаған жерде алыс-беріс болмайды
27 сәуiр, 15:11
Жер көп, жайылым жоқ