jasqazaq.kz
Ақпарат агенттігі

«Теңізге» жұмысқа орналастырамын деп 15 адамды алдаған маңғыстаулық ұсталды

04 мамыр, 15:19
118

"Теңізге" жұмысқа орналастырамын деп 15 адамды алдаған маңғыстаулық ұсталды

Ақтөбе облысы Байғанин ауданында 15 адам мұнай компаниясына жұмысқа орналастырамын деп уәде берген алаяқтың құрбаны болды, — деп хабарлайды «Мой город».

Полиция мәліметі бойынша, Маңғыстаудың 23 жастағы тұрғыны әлеуметтік желілерде Атырау облысындағы «Теңіз» мұнай компаниясына жұмысқа қабылдау туралы хабарлама берген. Өтініш берген үміткерлермен ол телефон арқылы сұхбат жүргізіп, әр үміткерден «көмегі» үшін 100 мың теңгеден алған. Ақшаны алғаннан кейін күдікті жұмыс мәселесі шешілетінін айтып, кейін байланысқа шығуын тоқтатқан.

Жалпы күдіктінің қармағына 15 тұрғын іліккен. Адамдар алданғанын түсінген кезде полицияға арыз жазған.

Ведомство өкілдері тергеу барысында күдікті бірнеше өңір тұрғындарын алдағаны анықталғанын айтты. Ол ақшаны букмекерлік кеңсе ойындарына тіккен.

«Бұл дерек бойынша ҚР ҚК-нің 190-бабы 3-бөлігі «Алаяқтық» бойынша соталды тергеу жүргізіліп жатыр. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды», — деді полиция баспасөз қызметіндегілер.

Бүгін, 11:53
«Бір өзеннің бойындағы елдердің мүддесі ортақ болуы керек»
30 сәуiр, 11:14
Қазақтың мұңлық ақыны
30 сәуiр, 10:59
Бос қайтқан ұшақ
30 сәуiр, 10:51
Ми «көші»
30 сәуiр, 10:45
Күліп келген қарыз жылап қайтады
30 сәуiр, 10:43
17-ші қабаттағы атыс (оқиғадан кейінгі ой)
30 сәуiр, 10:38
Барыс-келіс болмаған жерде алыс-беріс болмайды
27 сәуiр, 15:11
Жер көп, жайылым жоқ