jasqazaq.kz
Ақпарат агенттігі

Полиция қызметкерін пышақпен жаралады

04 мамыр, 14:31
8

Полиция қызметкерін пышақпен жаралады

Талдықорғанда ішімдікке тойып алған жігіт полиция қызметкеріне шабуыл жасады.

Оқиға 3 мамырда болды. Сағат 1:15-те полицияға Талдықорған тұрғыны хабарласты. Мас күйеуі автовокзалда оны қорқытып жатқанын айтты.

«Оқиға орнына барған екі учаскелік полиция қызметкерін күдікті бірден байқап, ізін суытпақ болған. Абай — Жансүгіров көшелерінің қиылысында ұсталған айыпталушы полиция қызметкерлеріне қарсылық көрсетіп, учаскелік полиция қызметкерлерінің бірін пышақтаған, — деп хабарлады Алматы облысы ПД баспасөз қызметі.

23 жастағы күдікті қамауға алынды. Заттай дерек болып табылатын ас үй пышағы тәркіленді.

Полиция қызметкері Талдықорғандағы ауруханаға жеткізілді.

Билік өкіліне қатысты күш қолдану фактісі бойынша ҚР ҚК 380-бабының 2-бөлігінде көзделген қылмыстық іс қозғалды.

Stan.kz

Бүгін, 11:53
«Бір өзеннің бойындағы елдердің мүддесі ортақ болуы керек»
30 сәуiр, 11:14
Қазақтың мұңлық ақыны
30 сәуiр, 10:59
Бос қайтқан ұшақ
30 сәуiр, 10:51
Ми «көші»
30 сәуiр, 10:45
Күліп келген қарыз жылап қайтады
30 сәуiр, 10:43
17-ші қабаттағы атыс (оқиғадан кейінгі ой)
30 сәуiр, 10:38
Барыс-келіс болмаған жерде алыс-беріс болмайды
27 сәуiр, 15:11
Жер көп, жайылым жоқ