jasqazaq.kz
Ақпарат агенттігі

Нұр-Сұлтанда тонаушы қыздың телефонын тартып алмақшы болды (Видео)

04 мамыр, 17:55
12

Нұр-Сұлтанда тонаушы қыздың телефонын тартып алмақшы болды (Видео)

Нұр-Сұлтанда сыртқы бақылау камералары қарақшының қызға шабуыл жасаған сәтін түсіріп алды. Қаскүнем жәбірленушіні жерге құлатқан, олардың арасында күрес басталды. Қызды көршілері құтқарып қалған.

Қызға түнгі сағат 02.00-де аулалардың бірінде шабуыл жасаған. Жұмыстан оралғанда, ол таксиге мініп, үйдің кіреберісіне қарай жүрген. Осы кезде жігіт оған тап берген. Оның қолынан ұстап, жерге құлатып, iPhone X телефонын алуға тырысқан.

Қыздың айқайлаған даусына көршілері жүгіріп шыққан. Тәртіп сақшылары шабуылдаушыны анықтап, ұстады.

«Ол 24 жастағы рецидивист болып шықты. Ұсталған азамат осындай қылмыстары үшін бірнеше рет қылмыстық жауапкершілікке тартылған. Аталған факті бойынша «Тонау» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті өз кінәсін мойындап, уақытша ұстау изоляторына қамалды», — деп хабарлады ведомствода.

Рolisia.kz

Бүгін, 11:53
«Бір өзеннің бойындағы елдердің мүддесі ортақ болуы керек»
30 сәуiр, 11:14
Қазақтың мұңлық ақыны
30 сәуiр, 10:59
Бос қайтқан ұшақ
30 сәуiр, 10:51
Ми «көші»
30 сәуiр, 10:45
Күліп келген қарыз жылап қайтады
30 сәуiр, 10:43
17-ші қабаттағы атыс (оқиғадан кейінгі ой)
30 сәуiр, 10:38
Барыс-келіс болмаған жерде алыс-беріс болмайды
27 сәуiр, 15:11
Жер көп, жайылым жоқ