jasqazaq.kz
Ақпарат агенттігі

Есік қаласындағы перзентxана маңында адам сүйектері шашылып жатыр (Видео)

04 мамыр, 17:47
13

Есік қаласындағы перзентxана маңында адам сүйектері шашылып жатыр (Видео)

Алматы облысының Еңбекшіқазақ ауданында адамның сүйектері табылды. Бұл оқиға жайлы видео әлеуметтік желіге тарады. Бейнежазба авторы Есік қаласындағы перзентхана маңынан адамның сүйектері табылғанын айтады. Видеодан адамның бас сүйегін көруге болады. «Бәлкім бұл жерде қорған болған шығар» деп пікір білдіреді видео авторы. Еңбекшіқазақ ауданы әкімінің баспасөз қызметі ҚазАқпарат тілшісіне оқиғаның мән-жайын түсіндірді. «Сүйектер Есік қаласының жанында орналасқан Бөлек ауылдық округінен табылды. Бұл жер «Ромашка» деп аталатын саяжай. Ол сүйектер ашық-шашық шашылып жатқан жоқ. Жерді қазу барысында шыққан. Дәл осы жерде су құбырын жүргізу жұмысы жүргізіліп жатыр. Сүйекті тапқан да — сол мекеменің жұмысшылары. Қазір «Алтын адам» мұражайының археологтары оқиға орнына келді. Сүйектерді жинап, сараптамаға жібереді» деп мәлім етті аталған ведомствоның баспасөз қызметі.

ҚазАқпарат

Бүгін, 11:53
«Бір өзеннің бойындағы елдердің мүддесі ортақ болуы керек»
30 сәуiр, 11:14
Қазақтың мұңлық ақыны
30 сәуiр, 10:59
Бос қайтқан ұшақ
30 сәуiр, 10:51
Ми «көші»
30 сәуiр, 10:45
Күліп келген қарыз жылап қайтады
30 сәуiр, 10:43
17-ші қабаттағы атыс (оқиғадан кейінгі ой)
30 сәуiр, 10:38
Барыс-келіс болмаған жерде алыс-беріс болмайды
27 сәуiр, 15:11
Жер көп, жайылым жоқ