jasqazaq.kz
Ақпарат агенттігі

Бішкектегі Айзаданың өлімі: қыз зорланғаны белгілі болды

04 мамыр, 14:45
2393

Бішкектегі Айзаданың өлімі: қыз зорланғаны белгілі болды

Бішкекте биыл сәуірде ұрланып, кейін өлі табылған қыз зорланғаны белгілі болды.

Бішкек ішкі істер бас басқармасының баспасөз қызметінің мәліметінше, соталды тергеу алдымен ҚК-нің 175-бабы («Некеге тұру мақсатында адам ұрлау») бойынша тіркелген, кейіннен жиналған материалдарға сәйкес қайта қаралған.

«ҚК-нің 170-бабына («Адам ұрлау») өзгертілді, сондай-ақ күдіктіге ҚК-нің 170-бабы («Адам ұрлау»), 161-бабы («Зорлау») және 130-бабында («Адам өлтіру») көзделген қылмысты жасады деген күдік бары сырттай хабарланды», — деді ведомстводағылар.

Қазіргі уақытта сотқа дейінгі іс Бішкектің Первомай аудандық сотының қарауында жатыр.

«Одан бөлек, Бішкек қаласы ҚР Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің басқармасы милицияның жекелеген қызметкерлеріне қатысты ҚК-нің 331-бабы («Немқұрайдылық») бойынша соталды тергеу жүргізіп жатыр», — делінген хабарламада.

Еске салайық, 5 сәуірде Бішкекте Айзада есімді қыз жұмысқа бара жатқанда ұрланған болатын. 2 күннен кейін қыз бен оны ұрлаған адам өлі табылды.

Ер адам оны футболкамен тұншықтырып, содан кейін өзін-өзі өлтіргені хабарланды.

Осы іс бойынша бес күдікті ұсталды.

Tengrinews.kz

Бүгін, 11:53
«Бір өзеннің бойындағы елдердің мүддесі ортақ болуы керек»
30 сәуiр, 11:14
Қазақтың мұңлық ақыны
30 сәуiр, 10:59
Бос қайтқан ұшақ
30 сәуiр, 10:51
Ми «көші»
30 сәуiр, 10:45
Күліп келген қарыз жылап қайтады
30 сәуiр, 10:43
17-ші қабаттағы атыс (оқиғадан кейінгі ой)
30 сәуiр, 10:38
Барыс-келіс болмаған жерде алыс-беріс болмайды
27 сәуiр, 15:11
Жер көп, жайылым жоқ