jasqazaq.kz
Ақпарат агенттігі

Алматы облысындағы жол апаты: бір адам көз жұмды (Видео)

04 мамыр, 15:42
426

 

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от ALMATY_KRIS_P|21+🇰🇿 (@almaty_kris_p)

Алматы-Көкпек-Көктал тас жолында жүк көлігі мен жеңіл көлік соқтығысып, ер адам қаза болды.

Алматы облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі апаттың бүгін сағат 11:45 шамасында Алматы-Көкпек-Көктал тас жолының 24-ші шақырымында болғанын хабарлады. Алдын ала мәліметтер бойынша, 23 жастағы Toyota жүргізушісі Панфилов ауылының маңында шығысқа қарай жылжып, рульді басқара алмай, қарсы жолаққа шығып кетіп, HOWO жүк көлігімен соғысқан.

«Жол апаты салдарынан 32 жастағы Toyota көлігінің жолаушысы алған жарақаттарынан сол жерде көз жұмды. Ал түрлі жарақат алған автокөлік жүргізушісі Талғар қаласының орталық аймақтық ауруханасына жеткізілді. Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы, 3-бөлігі (Жол ережелерін бұзу, абайсызда адам өліміне әкеп соқтыру) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Сараптамалар тағайындалды », — деді полицияда.

inform.kz

Бүгін, 11:53
«Бір өзеннің бойындағы елдердің мүддесі ортақ болуы керек»
30 сәуiр, 11:14
Қазақтың мұңлық ақыны
30 сәуiр, 10:59
Бос қайтқан ұшақ
30 сәуiр, 10:51
Ми «көші»
30 сәуiр, 10:45
Күліп келген қарыз жылап қайтады
30 сәуiр, 10:43
17-ші қабаттағы атыс (оқиғадан кейінгі ой)
30 сәуiр, 10:38
Барыс-келіс болмаған жерде алыс-беріс болмайды
27 сәуiр, 15:11
Жер көп, жайылым жоқ