jasqazaq.kz
Ақпарат агенттігі

Алматы облысында гараждан екі студенттің мәйіті табылды

04 мамыр, 13:17
706

Алматы облысында гараждан екі студенттің мәйіті табылды

Алматы облысында гараждан кәмелет жасқа толмаған екі бозбаланың денесі табылды.

Қайғылы оқиға Жаркент қаласында болған. Әлеуметтік желіде екі бозбаланың жергілікті колледжде оқығаны туралы ақпарат бар. Алматы облысының полициясы жеке меншік үйдің гаражында кәмелет жасқа толмаған екі адамның көз жұмғанын растады. Тергеу шаралары басталып кетті.

«28 сәуірде Жаркент қалалық полиция бөлімшесіне екі адамның көз жұмғаны туралы хабар түскен. Оқиға орнына барған полицейлер жеке үйдің гаражынан 17 жастағы екі бозбаланың мәйітін тапты. Зорлықпен өлтіру белгілері болмаған. Алдын ала болжамға сәйкес, екеуі көлікті жөндеу кезінде иіс тиіп көз жұмған», — дейді полицейлер.

Қазіргі кезде Қылмыстық кодекстің 156-бабы, 4-бөлігі (Еңбектi қорғау қағидаларын бұзу, абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан іс-әрекет) бойынша тергеу жүргізіліп жатыр.

Бүгін, 11:53
«Бір өзеннің бойындағы елдердің мүддесі ортақ болуы керек»
30 сәуiр, 11:14
Қазақтың мұңлық ақыны
30 сәуiр, 10:59
Бос қайтқан ұшақ
30 сәуiр, 10:51
Ми «көші»
30 сәуiр, 10:45
Күліп келген қарыз жылап қайтады
30 сәуiр, 10:43
17-ші қабаттағы атыс (оқиғадан кейінгі ой)
30 сәуiр, 10:38
Барыс-келіс болмаған жерде алыс-беріс болмайды
27 сәуiр, 15:11
Жер көп, жайылым жоқ