jasqazaq.kz
Ақпарат агенттігі

Жедел жәрдем жүргізушісі көлігінің дауыс зорайтқышымен ән айтқан (Видео)

03 мамыр 2021, 11:46
3006

Жедел жәрдем жүргізушісі көлігінің дауыс зорайтқышымен ән айтқан (Видео)

Түркістан полицейлері түнгі уақытта қала ортасында жедел жәрдем көлігінің дауыс зорайтқышымен ән салған ер адамды жауапкершілікке тартты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Түркістан қаласы Полиция басқармасының қызметкерлері әлеуметтік желіге мониторинг жасау кезінде, Түркістан қаласында жедел жәрдем көлігімен түнгі уақытта ән айтылғаны түсірілген бейнежазбаны тапты. Аталған жайт бірден полиция қызметкерлерінің назарына алынып, қажетті тексеру жұмыстары жүргізілді.

«Полицейлер тиісті тексеру жұмыстары нәтижесінде, оқиғаның Түркістан қаласы Б. Саттарханов даңғылында 2021 жылдың 30 сәуірі күні түнгі сағат 02.00 шамасында болғанын анықтады. Яғни қызметтік көлік жүргізушісі, Арыс қаласының тұрғыны облыс орталығы Түркістан қаласына жедел жәрдем көлігімен науқас адамды алып келгеннен кейін, қайтып бара жатқан уақытта көліктің дауыс зорайтқышы арқылы ән айтып, түнгі уақытта тұрғындардың тыныштығын бұзған», — делінген хабарламада облыстық Полиция департаментінің баспасөз хабарламасында.

Түркістан ҚПБ полицейлері жедел жәрдем көлігінің жүргізушісіне қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 437-бабының 1-бөлігі «Тыныштықты бұзу» бойынша хаттама толтырды. Ер азамат тиісті сот-наркологиялық сараптамадан өткізіліп, куәландыру қорытындысына сәйкес оның спирттік ішімдік ішпегені белгілі болды. Құқықбұзушы өзінің кінәсін толық мойындады.

Сондай-ақ алдағы уақытта мұндай жағдай қайталанбасы үшін полицейлер тарапынан еразаматқа түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

21 қантар, 11:52
Тәрбие құралы Тик-Ток боп тұр
21 қантар, 11:45
Елдігімізді қадірлейік!
21 қантар, 11:11
Нұрғали Нүсіпжанов: Біздің заманымызда жастарымыздың патриоттығы ерекше еді
30 желтоқсан 2021, 20:07
“Құрманбектің Ақтотысы” (Видео)
24 желтоқсан 2021, 12:05
Айтылмаған әңгіме
24 желтоқсан 2021, 11:55
Желтоқсан ақиқаты мен ақтаңдақтары
24 желтоқсан 2021, 11:38
Желтоқсанды ойласам, өзегімді өрт қабады
24 желтоқсан 2021, 11:28
Дінмұхаммед Нұрлан: Тәуелсіз елде туғаныма мақтанамын!