jasqazaq.kz
Ақпарат агенттігі

Миллиондап ұтудың құпиясы

30 сәуiр, 11:45
1213

Миллиондап ұтудың құпиясы

Алматы қаласының тұрғыны букмекерлік компаниядан 876 миллион 682 мың 300 теңге ұтып алды. Айырбас бағамы бойынша шамамен екі миллион доллардан асатын қаражат. Бұл – Қазақстан мен ТМД елдеріндегі бәс тігу тарихындағы ең үлкен ұтыс. Аталған соманы «1xBet» букмекерлік компаниясында Мұқажан есімді 44 жастағы Алматы тұрғыны еншіледі.

Алматылық тұрғын керемет болжам жасады. Мұқажан Евролиганың үш матчы мен жоғары деңгейлі футбол чемпионаттарына арналған 44 болжам жасады. Барлығы 44 болжам орындалуы керек еді.

Экспресс үшін ол ең төмен коэффициентегі оқиғаларды таңдады, олардың ең үлкені 1,48-ге тең болды. Бірақ мұндай әдіспен ұтыс коэффициенті жоғары көлемге өсетіндіктен, тіккен ақшаның жалпы сомасы 100 мың теңгені құрады.

– Мен тек футболға ғана бәс тігемін. Өзім де футболшымын, сондықтан бұл спорт түрін жақсы білемін. Оның нәтижесін көрдіңіз. Өзім жүгінетін букмекерлік кеңседе бәс тігу кезінде таңдау еркіндігі бар. Мысалы, шексіз экспресс, жоғары коэффициент, әр түрлі турнирлерде бір командаға ставка қою мүмкіндігі. Маған таңдау еркіндігі ұнайды. Әсіресе, үлкен экспресс-ставкалар ұнайды. Ұтыс мөлшерінің ірі болғаны жақсы. Шынымды айтсам, соңғы матчтар алдында қатты қобалжыдым. 3-4 ойын қалғанда және осындай нәтиже болуы мүмкін екенін түсінген кезде, қаласаң да, қаламасаң да мазасыздана бастайсың. Соңғы ойын түнде болды. Мен оған бірден сене қоймадым. «Шынымен бұл менің басымнан өтіп жатыр ма» деген ой келді. Дереу әйелімді оятып, нәтижені көрсеттім. Ойын шотында басында нөл болды, содан кейін сіздер білетін сома бірден түсті», – деді Мұқажан «Караван» басылымына берген сұхбатында.
Ол ұтып алған ақшасын қайырымдылыққа жұмсаймын деп уәде берді. Зайыбы Алматыдағы қараусыз қалған жануарларды қорғайтын еріктілер қозғалысының кураторы екен.
– Мен оған бір күні жеңіске жетсем, бірінші кезекте көмекке мұқтаж жан-жануарларға көмектесеміз деп айтқан едім. Сондықтан төбеміз көкке жетті. Қазірдің өзінде белгілі бір мөлшерде көмек көрсетілді. Жергілікті ветеринарлық клиникалардың қарыздары жабылды. Бұл да зор қуаныш. Бізді тіпті жеңіс емес, оларға көмектесе алғандығымыз қуантады. Адамдар қоңырау шалып, шын жүректен алғыс білдіріп жатыр. Біз үшін ең үлкен сыйлық осы, – деді жеңімпаз. – Мен кәсіпкермін, көлікке немесе жылжымайтын мүлікке мұқтаж емеспін. Менде бәрі бар, сондықтан алғашқы шешімім осылай болды. Ұтысқа ие болуым мұқтаж жандарға көмектесу ниетімен байланысты деп санаймын. Егер ойыншылар тек өз пайдасы үшін емес, біреумен бөлісемін деген оймен ойынға кіріссе, ұтысқа қол жеткізеді. Сәттіліктің құпиясы да осында шығар.
Букмекерлік компания маркетологы Санжар Тоқтасын: «Қазақстанда спорт сүйер қауым үнемі үлкен ұтысты иеленеді», – дейді. – Мысалы, 2020 жылдың басында тағы бір Алматы тұрғыны 9 миллион теңге ұтып алды. Ол 1781 коэффициентімен 5005 теңгені құрайтын экспресс-ставка жасады және 8 миллион 918 мың 121 теңгені ұтып алды.

Жезқазғанда да жас жігіт 1000 теңгеге футбол экспресін жинап, 800 мың теңгеден астам ұтыс алды.

– Үлкен ұтыстар бар, бірақ үлесі аз. Адам 1,2 коэффициентімен 100 миллион тігіп, 120 миллион ұтып ала алады. Сонда тапқан пайдасы – 20 миллион. Бұл керемет. Бірақ ол мүлдем қызық емес, – дейді Санжар. – Адам ойынды дәл есептеп, аз мөлшерде болса да ақша тігіп, үлкен ұтыс алғаны әлдеқайда қызықтырақ.

Қазақстандағы ең жиі қойылатын ставка мөлшері – 1 мың теңге. Бұл соманы жарата салу өкініш туғызбайды. Әрі болашақ ұтыстардың коэффициентін есептеу оңай. Барлық ставкалардың жартысына жуығы осы мөлшерден аспайды. Бәс тігудегі келесі танымал ставка – 5 мың және 10 мың теңге көлемінде. Көбінесе бұл ставкалар әр түрлі оқиғаларға бөліп қойылады.

Букмекерлердің пікірінше, ұтыстың басым бөлігі спорттың ең танымал түрі -футболдың еншісінде. Мұнда, әрине, сәттілікті жоққа шығаруға болмайды. Бірақ біздің сарапшылар футбол матчтарын талдауға келгенде алдына жан салмайды. Футбол – дұрыс есептеуге, болжауға мүмкіндік беретін ойын. Командалық ойын екенін ескеруді қажет ететін көп мәлімет береді. Ойын тарихы, статистика, команда құрамы, әр ойыншының жағдайы – осының бәрі сараптауды қиындатады. Бірақ болжам да дәлірек болады. Жеке спорт түрлерінде барлығы жеке спортшыға, оның іс-қимылына байланысты.

Футбол – бұл әлемдегі ең танымал спорт түрі, сондықтан оны көп адамдар түсінеді және өз сараптамасын ұсына алады. Үшінші фактор – оған көп адам бәс тігеді. Демек басқа спорт түрлерімен салыстырғанда, жеңіске жеткен жағдайда үлкен ұтысқа қол жеткізуге болады.
Букмекерлік кеңсе клиенттерінің арасында одан кейінгі кезекте ең танымал ойындар хоккей, баскетбол, волейбол болып табылады. Жалғыз командалық емес спорт түрі теннис те бар. Жекпе-жек түрінен бокс пен ММА да үнемі осы тізімге енеді. Қазақстан жекпе-жек бойынша спортшыларымен мықты. Бізде осы спортты жақсы көреді, әр сайысты жібермей, жіті қадағалап отырады. Мұнда патриотизм де ерекше орын алады. Мысалы, Геннадий Головкин жекпе-жекке шыққанда, көрермен назары тек соған ауады. UFC аралас жекпе-жегінде спортшы Шавкат Рахмоновқа жанкүйерлердің ықыласы айрықша.

Жанкүйерлер мен ойыншылар арасында танымал бола түскен ойынның бірі – киберспорт. Бұл оның қолжетімділігіне байланысты. Олардың ішінде ең танымалы – Counter-Strike, League of Legends, Mortal Kombat ойындары. Ойындардың әрқайсысы бойынша жүзден астам чемпионат өткізіледі. Демек, ауқымы кең деген сөз. Сыйақы мөлшері де аса қомақты. Оларға демеуші болатын әлемде беделі бар ірі компаниялар көбейіп келеді. Бұл жұртшылық назарын сөзсіз аударады.

«Дегенмен киберспорт әлі күнге дейін сарапшылар үшін ең алдамшы түрі болып табылады»,– дейді Санжар Тоқтасын.

– Киберспорттағы жүйе классикалық спорт түрлерінен өзгеше. Футбол немесе хоккей – бұл күніне бір рет болатын матч. Ал киберспортта көбіне матчтар үш ойыннан тұрады. Екеуінде жеңген команда жеңімпаз болып саналады. Мұның өзіндік күрделілігі бар. Егер ақша тікпей құрғақ статистиканы қарасаңыз, онда жанкүйерлер көбіне одан ұтылады. 30 жастан асқан адамдар ұтыс тігуге тырысады, командалардың қалай ойнайтынын білуге тырысады. Бірақ құрғақ сараптамаға сүйенуге әлі ерте. Мұны ставкалардың саны мен мөлшерінен көруге болады.

Спортты көріңіз. Жанкүйер болыңыз. Үйреніңіз. Мүмкін ертең сіз де өз миллиондарыңызды осы білім арқылы табасыз.

Ерлан ҚАЛТАЕВ,
Алматы

01 қазан, 14:49
Қартайғанда көңіл қосқан
01 қазан, 11:55
Қара жолдың бойында...
01 қазан, 11:51
Жұмабек Өмірзақов: Бізді жарға жығатын – жершілдік
01 қазан, 11:41
Дау неге жиі тұтанды?
01 қазан, 11:36
Спорт кешендері қаңырап тұр
01 қазан, 11:33
Семей қашан қала болды?
24 қыркүйек, 13:27
Кибербуллингке тосқауыл
24 қыркүйек, 11:57
Кеселдің кесірі