jasqazaq.kz
Ақпарат агенттігі

Мен қоянмын, тестер емеспін! (Анимациялық фильм)

26 сәуiр, 14:57
92

Мен қоянмын, тестер емеспін! (Анимациялық фильм)

Американдық жануарларды қорғау қоғамы «Humane Society International», «Ральфті құтқар» атты қысқа анимациялық филімін шығарды. Филімнің мақсаты – жануарларға косметикалық сынақтарды тоқтату. Мультфильмнің басты кейіпкері – зертханалық қоян Ральф, оның оң көзі көрмейді және бір құлағы естімейді. Видеода Ральф өзінің жұмысы мен отбасы туралы айтады.

«Менің атым Ральф. Мен қоянмын. Көріп тұрғаныңыздай менің оң көзім көрмейді. Мен жәй қоян емеспін, мен тестермін(сынақшы ). Әкем де, анам да, бауырларым мен әпкелерім, балаларымның бәрі де тестер болған. Сол жұмысты істеп қайтыс болған».

Бұл видео әлуметтік желілерде жаппай таратылып, қоғам арасында қызу талқыға түсуде. Желі қолданушылардың пікірі екіге бөлініп, бірі жаппай косметикаларын қоқысқа тастаса, тағы бірі адамдардың екі жүзділігіне таң қалды. Олардың айтуынша «адамдар малдың етін жейді, былғары етік киіп, шуба киеді».

Осыдан кейін жануарға сынақ жасайтын және жасамайтын косметиканы қалай ажыратамыз?Сынақ жасайтын косметиканың сыртында қоянның эмблемасы тұрады.Ал сынақ жасамайтын косметикаларда, қоянды сипалап немесе құшақтап тұрған эмблема мен ECO,VEG,BIO – деген жазу болады.

Егерде жануарларды сынақ ретінде пайдалануға қарсы болсаңыз, онда www.change.org сайтына кіріп, петиция жазуыңызға болады.

Әр тіршілік иесі өмір сүруге лайықты!

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Ақпарат агенттігі (@jasqazaqkz)

Аударып, дыбыстаған: @aktownx

09 шiлде, 12:00
Қиналғанда қасыңда тіреу болған ағайын
02 шiлде, 11:43
Бір мая шөп – көпке үлгі
02 шiлде, 11:31
Екпе алудың пайдасын халыққа сауатты түрде түсіндіру қажет
02 шiлде, 11:27
Журналист мәртебесін көтереміз!
25 маусым, 12:34
Бесігімізді түзеуде неден сүріндік?
25 маусым, 12:32
Руға тартсақ, ескерткіш те, саябақ та болмайды
25 маусым, 12:27
Жер асты суын пайдалан, жұтамайсың
25 маусым, 12:24
Жаздың жұты жанға батады