jasqazaq.kz
Ақпарат агенттігі

Елтаңбаны қоқысқа тастаған (видео)

15 сәуiр, 15:40
647

Елтаңбаны қоқысқа тастаған (видео)

Павлодар облысындағы ауылдардың бірінде қоқыс үйіндісінен Қазақстанның елтаңбасы мен прокуратура тақтайшасы табылды. Куәгерлер оларды видеоға түсіріп, желіге жүктеді. Қазір құзырлы органдар тексеріп жатыр.

Instagram-да жарияланған видеода Ақтоғай ауданы прокуратурасының тақтайшасы қоқыс үйіндісінде жатқанын көруге болады. Оған жақын жерде екі елтаңба бар, олардың біреуі сынған, ал екіншісі — бүтін.

«Міне, мен қоқыс полигонында тұрмын. Прокуратура, бұл олардың қоқысы. Бір қызығы, елтаңба қоқыста жатыр», — деді дейді видео авторы.

Ол осылайша қадағалау органының мемлекеттік рәміздерге деген көзқарасына ашуланған.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Главные новости Павлодара (@pvl_times)

Бұл жағдай Павлодар облысы прокуратурасының назарына ілікті. Қазір олар аталған фактіні тексеріп жатыр.

«Облыс прокуратурасы қоқыс полигонында мемлекеттік елтаңбалардың табылуына қатысты ресми тексеру жүргізуде. Полиция да тексеру шараларын бастады. Мән-жайлар анықталуда», — деді ведомствода.

Ақтоғай ауданы әкімдігінің ақпараты бойынша, видео авторы айтып отырған қоқыс үйіндісі Ақтоғай ауылынан екі шақырым жерде орналасқан.

Ал Павлодар облысының ақпарат және қоғамдық даму басқармасы мемлекеттік рәміздерге мұндай көзқарасқа жол берілмейтінін хабарлады.

«Ережеге сәйкес мемлекеттік ту мен елтаңбаны жою оларды қайта қолдану мүмкіндігін болдырмау мақсатында өртеу, балқыту, 2,5 сантиметрден аспайтындай бөлшектеу, пішінсіз массаға немесе ұнтаққа айналдыру арқылы жүзеге асырылады. Бірақ ешқандай жағдайда рәміздерді қоқыс полигонына тастауға болмайды», — деп түсіндірді аймақтық ақпарат және қоғамдық даму басқармасының басшысы Азамат Байтенов.

Айта кетейік, мемлекеттік рәміздерді дұрыс жоймау оларды заңсыз пайдалану деп саналады. Осы құқық бұзушылық үшін ӘҚБтК-нің 458-бабында (ҚР мемлекеттік туын, елтаңбасын пайдалану, сондай-ақ ҚР мемлекеттік гимнін пайдалану және орындау тәртiбiн бұзу )50 АЕК-ке дейін айыппұл қарастырылған (2021 жылғы деректер бойынша — 145 850 теңге).

Бұдан басқа, егер құқық бұзушылардың іс-әрекеттері мемлекеттік рәміздерді қорлау ретінде сараланатын болса, онда кінәлілерге ҚК-нің 372-бабы (Мемлекеттік рәміздерді қорлау) бойынша 2 000 АЕК (2021 жылға арналған деректер бойынша — 5 834 000 теңге) мөлшерінде айыппұл салу не 2 жылға дейінгі мерзімге шектеу немесе бас бостандығынан айыру түріндегі қылмыстық жаза қарастырылады.

Stan.kz

09 шiлде, 12:00
Қиналғанда қасыңда тіреу болған ағайын
02 шiлде, 11:43
Бір мая шөп – көпке үлгі
02 шiлде, 11:31
Екпе алудың пайдасын халыққа сауатты түрде түсіндіру қажет
02 шiлде, 11:27
Журналист мәртебесін көтереміз!
25 маусым, 12:34
Бесігімізді түзеуде неден сүріндік?
25 маусым, 12:32
Руға тартсақ, ескерткіш те, саябақ та болмайды
25 маусым, 12:27
Жер асты суын пайдалан, жұтамайсың
25 маусым, 12:24
Жаздың жұты жанға батады