jasqazaq.kz
Ақпарат агенттігі

Жолаушылар отырған автобус өртенді (видео)

08 сәуiр, 11:04
0

Жолаушылар отырған автобус өртенді (видео)

Оқиға орнында Павлодар қаласы ТЖБ және өрт зертханасы жұмыс істеуде, деп хабарлайды Рavlodarnews.kz.

Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, Павлодар – Ленин кенті тас жолында № 38 маркалы МАЗ автобусынан өрт шыққан.

— Көлік № 1 автобус паркіне тиесілі. Жалын 15 шаршы метр алаңды қамтыған. Өрт туралы хабарлама сағат 08.49-да тіркеліп, сағат 09.07-де жойылды, — дейді ведомствода.

Көлікте болған 40 адам өздігінен сыртқа шыққан. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Тілсіз жаудың шығу себебі мен келтірілген шығын көлемі анықталуда.

Өртті сөндіруге АҚЖ және өрт сөндіру қызметінен екі техника мен тоғыз адам жұмылдырылды.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Типичный Павлодар (@tipavlo)

09 сәуiр, 12:02
Ғаламдық қаржы жобасы. AIFC
09 сәуiр, 11:26
Жанкүйер жеңілгенді қалай ма?
09 сәуiр, 11:11
Қанды сұйылтады Қазақ ғалымдары коронавирусқа қарсы дәрі жасады
26 наурыз, 11:52
«Боржомилатқан» наурыз күшті ме?
26 наурыз, 11:15
Жер жетеді. Бірақ диқан мен малшыға жер жоқ
26 наурыз, 11:08
Қысастық
26 наурыз, 11:06
Ұлыс күні – ұлттың рухын оятатын мереке
19 наурыз, 11:57
Диплом, онлайн білім және оқу ақысы