jasqazaq.kz
Ақпарат агенттігі

Құрылысшылар кірпішпен атысты (видео)

08 сәуiр, 10:38
266

Құрылысшылар кірпішпен атысты (видео)

Қарағандыда құрылысшылар кірпішпен атысып қалды. Олар бір-біріне кірпіш сынықтарын лақтырған. Оқиғаны куәгерлер видеоға түсіріп алған. Бұл туралы Tengrinews.kz хабарлады.

Қарағандының құрылыс алаңдарының бірінде құрылысшылар арасында қақтығыс болды. Видео кадрларынан адамдар бір-біріне кірпіш лақтырып жатқанын көруге болады.

Ескерту! Бейәдеп сөйдер айтылады!

Бейнежазбаны полиция қызметкерлері тексерді. Қарағанды облысы полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, жанжалға қатысқандардың бәрі ұсталды.

«Полиция қызметкерлері әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында Қарағандының құрылыс алаңдарының біріндегі бұзақылық әрекеттер дерегін анықтады. Құрылысшылардың екі тобы, шамамен 20-25 адам, былапыт сөздер айтып, бір-біріне кірпіш сынықтарын лақтырады. Оқиғаға қатысушылардың бәрі ұсталды», — деп атап өтті Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметі өкілі.

Полицейлер қақтығыс қабатаралық плитаны орнату бойынша шыққан дау-дамайға байланысты болғанын анықтады. ҚР ҚК 293-бабы («Бұзақылық») бойынша соталды тергеу басталды.

09 сәуiр, 12:02
Ғаламдық қаржы жобасы. AIFC
09 сәуiр, 11:26
Жанкүйер жеңілгенді қалай ма?
09 сәуiр, 11:11
Қанды сұйылтады Қазақ ғалымдары коронавирусқа қарсы дәрі жасады
26 наурыз, 11:52
«Боржомилатқан» наурыз күшті ме?
26 наурыз, 11:15
Жер жетеді. Бірақ диқан мен малшыға жер жоқ
26 наурыз, 11:08
Қысастық
26 наурыз, 11:06
Ұлыс күні – ұлттың рухын оятатын мереке
19 наурыз, 11:57
Диплом, онлайн білім және оқу ақысы