jasqazaq.kz
Ақпарат агенттігі

Екі сыныптас жарысып, көліктің талқанын шығарды

08 сәуiр, 12:18
0

Екі сыныптас жарысып, көліктің талқанын шығарды

Алматының Қарасу шағын ауданында түнгі сағат екіде 2000 және 2001 жылы туған екі кластас кездескен.

Бірінің астында Toyota Windom, екіншісі BMW мінген. Содан кімнің көлігі жылдам екенін анықтамақ болып, жарысайық деп шешіпті. Сүмбіле көшесінде екеуі көлікпен қатар тұра қалып, орындарынан ышқына қозғалып, бәйгелесе жөнелді.

Түнгі жарыстың нәтижесі жаман аяқталды: екі-үш көшеден өткеннен кейін Toyota жолдан ұшып кетіп, газ құбырының бірнеше тіреуішін жапырып, біреудің үйінің қоршауына соғылып, аударылып қалды.

BMW-да жолдан шығып, арықтан секіріп, біреудің құрылысы бітпеген үйін соғып, бір рет аударылып алды. Екі бала да аман-сау.

Бірақ әлгі кластастар көліктерін алып кету үшін жекеменшік эвакуатор шақырып, оңай құтыла салмақ болған. Алайда жапырылған газ құбырларын көрген эвакуатор жүргізушілері бұларға көмектесуден бас тартып, босқа шақырғаны үшін өздерінен ақша талап етті.

Сол арада оқиға орнына полиция да жетті. BMW мінген жүргізуші жылдамдығын 160-қа дейін жеткізіп үлгергенін мақтанып айтып қалды.

zakon.kz

09 сәуiр, 12:02
Ғаламдық қаржы жобасы. AIFC
09 сәуiр, 11:26
Жанкүйер жеңілгенді қалай ма?
09 сәуiр, 11:11
Қанды сұйылтады Қазақ ғалымдары коронавирусқа қарсы дәрі жасады
26 наурыз, 11:52
«Боржомилатқан» наурыз күшті ме?
26 наурыз, 11:15
Жер жетеді. Бірақ диқан мен малшыға жер жоқ
26 наурыз, 11:08
Қысастық
26 наурыз, 11:06
Ұлыс күні – ұлттың рухын оятатын мереке
19 наурыз, 11:57
Диплом, онлайн білім және оқу ақысы