jasqazaq.kz
Ақпарат агенттігі

Әйелінің ұят видеоларын WhatsApp-қа салған еркектің басы дауға қалды

08 сәуiр, 10:58
0

Әйелінің ұят видеоларын WhatsApp-қа салған еркектің басы дауға қалды

Батыс Қазақстан облыстық полиция департаментінен хабарлағандай, ол әйелімен ажырасқысы келмеген. Бұл қарсылығынан түк шықпаған соң, келіншегінің жалаңаш түскен видеоларын тума-туыстары мен барлық таныстарына таратамын деп қорқытқан, деп хабарлайды zakon.kz Астана ТВ-ға сілтеме жасап.

Бұған көнбеген соң, әйелінің бейәдеп видеоларын жақындарына уатсапп желісі арқылы жіберіп үлгерген. Осылайша ол сүйген жарын ұялтып, отбасына кері қайтаруға тырысыпты. Келіншек болса, бірден полицияға шағымданған. Сезімді сергелдеңге салған сері жігіттің үстінен қылмыстық іс қозғалды. Ерлі-зайыптылардың арасындағы дауды енді сот шешпек.

Мөлдір САДЫРҒАЛИЕВА, БҚО ПД БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІНІҢ ЖЕТЕКШІ МАМАНЫ:

— Қазір осы оқиға бойынша ҚР ҚК 311-бабы, 1-бөлігі, яғни порнографиялық материалдарды заңсыз тарату дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Заң бойынша күдіктіге 2 мың АЕК көлемінде айыппұл салу немесе екі жылға дейін бас бостандығынан айыру қарастырылған.

09 сәуiр, 12:02
Ғаламдық қаржы жобасы. AIFC
09 сәуiр, 11:26
Жанкүйер жеңілгенді қалай ма?
09 сәуiр, 11:11
Қанды сұйылтады Қазақ ғалымдары коронавирусқа қарсы дәрі жасады
26 наурыз, 11:52
«Боржомилатқан» наурыз күшті ме?
26 наурыз, 11:15
Жер жетеді. Бірақ диқан мен малшыға жер жоқ
26 наурыз, 11:08
Қысастық
26 наурыз, 11:06
Ұлыс күні – ұлттың рухын оятатын мереке
19 наурыз, 11:57
Диплом, онлайн білім және оқу ақысы