jasqazaq.kz
Ақпарат агенттігі

Диплом, онлайн білім және оқу ақысы

19 наурыз, 11:57
201

Жоғары оқу орнында білім алу ақысы орташа есеппен алғанда жарты миллион теңге. Бұл баға оқу сапасына сәйкес келе ме? Оқу ақысын төлеуді қиынсынып, сондай-ақ онлайн оқу сапасына көңілі толмай, жоғары оқу орнынан шығып жатқандар бар. Jas qazaq студент жастар арасындағы осы маңызды мәселе бойынша сауалнама жүргізді. Оған 300 студент қатысты. Оларға мамандық бойынша жұмыс табу, білім сапасы, оқу ақысы және университетті тастап кету себебі төңірегінде сұрақтар қойылды.

Диплом, онлайн білім және оқу ақысы

Талдау

Мектеп бітіруші оқушының арманы – жоғары оқу орнына түсу. Сол жоғары білімді тәмамдамай-ақ, оқудан шығып кететіндер жоқ емес. Жоғары оқу орнында білім алу қиындықтары біршама. Оның үстіне індеттің де біраз салмағы түскен сияқты. Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалау агенттігі Ұлттық статистика бюросының ақпараты бойынша, биылғы 2020-2021 оқу жылына 152 789 адам қабылданды. Кейбір студенттер университетті тастап кеткен.
Індет кезінде онлайн оқудың қиындығын көріп, оқудан шығып кеткен бұрынғы студенттің пікірін білдік. Толғанай (есімі өзгертілді) осыдан 3 ай бұрын оқудан шығып кетті. Оның басты себебі – оқудың сапасының төмендігі. Бұрынғы студент бұл жөнінде өкпе-ренішін былай жеткізді. «Интернет нашар ұстады. Қаланың қақ ортасында тұрсам да, Zoom «қатып қалып», оқытушылар не айтып, не қойып жатқанын түсінбедім. Бір жағынан, үй тапсырмасын үйіп-төгіп берді. Ал дедлайн уақыты өте аз. Тек қана тапсырма беріп, біз ол сабақты түсініп-түсінбеуімізге назар салмады. Көп оқытушылар сабаққа дайын емес. Лекцияны құр оқып берумен құтылып отырды. Оның үстіне әр ай сайын 2 500 теңгеге тариф салып отырдым. Бұл қосымша шығын. Карантин басталғанда менде ноутбук, вайфай болмады. Сол себепті телефоным тез қызып, сабақтардан «лақтырып жіберді». Жаңа оқу жылы тағы да онлайн болады деген соң, 160 000 теңгеге ноутбук сатып алдым, бұл тағы да шығын. Семестр біткен соң оқудан шығамын деп шештім, әрине, осыған дейін төлеген ақшамды аяймын. Бірақ денсаулығым мен үшін маңыздырақ».

Студенттердің көбін алаңдатқаны оқудың ақшасы. Сауалнама жүргізгенде, жастардың көбі онлайн уақытында оқу ақшасына ешқандай жеңілдік жасамады деп өкпелі. Білім және ғылым министрлігі «Оқу ақшасына жеңілдікті әр университет өзі шешеді» деп ұйғарыпты. Мұны ескерген жоғары оқу орындары болмапты.

Түйін
Бәсекеге қабілетті, көзі ашық, көкірегі ояу жас маман болу үшін, білім сапасын көтеріп, соған лайық оқу ақшасын тағайындау қажет. Студент білім алу барысында қаржы мәселесі, оқытушының бағдарламаға ілесе алмауы сынды мәселелерге бас қатырмауы керек. Құзырлы министрлік жоғары оқу орнында білім беру сапасын арттыруға міндетті. Білім – қолжетімді, шығармашылыққа толы, ойлау қабілеті жоғары, адамгершілік, патриоттық қасиеттері бар, рухани бай тұлға болуға жетелеуі тиіс. Дамыған заманда сын-пікірлерді ескере отырып, жастармен жұмыс жасап, оны шешу – басты мақсат.

Бақытжан Аманболқызы, Тоғжан Әбдеш,
Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық
қатынастар және әлем тілдері университетінің студенттері

10 қыркүйек, 11:16
Жатақхана жетіспейді
03 қыркүйек, 11:49
Мектепке бала сыймайды
03 қыркүйек, 11:44
Қайда сол салынады деген бір емес, бірнеше қойма?
03 қыркүйек, 11:24
Мәжбүрсіз мәртебе
27 тамыз, 12:59
Ережесіз көліктер
27 тамыз, 12:55
Әркім арбасын өзі сүйреуі керек
27 тамыз, 12:52
Заңсыз ымыраның жолын кесу
20 тамыз, 12:28
Ауған түйіні