jasqazaq.kz
Ақпарат агенттігі

Шымкентте белгісіз біреулер иттің көзін шұқып алған

23 ақпан, 16:51
1

Шымкентте белгісіз біреулер иттің көзін шұқып алған

Шымкентте белгісіз біреулер иттің көзін шұқып алған. Бұл туралы ақпарат әлеуметтік желілерде пайда болды. Шымкент полиция департаменті өкілдері жағдайға қатысты түсінік берді.

Көзі ағып кеткен иттің кадрлары Instagram-дағы «Добряки Шымкента» парақшасында пайда болды.

«Үйдің иті, жас. Қаралған. Жағдайы ауыр, жақын арада оны мал дәрігері қалыпқа келтіреді.

Бір көзі ағып кеткен. Бірақ екіншісін сақтап қалуға болады. Мұны уақыт көрсетеді. Қазір ол қатты шок күйде», — дейді еріктілер.

Назар аударыңыз! Бұл видеоны психикасы әлсіз, жүкті және 18 жасқа толмаған адамдарға көруге ұсынылмайды.

Шымкент полицейлерінің мәліметінше, ит қаладағы ветеринарлық клиникалардың бірінде. Қазір тәртіп сақшылары иттің иесі мен болған оқиғаның куәгерлерін іздеп жатыр.

«Аталған факт бойынша Абай аудандық полиция басқармасының қызметкерлері ҚК-нің 316-бабы 1-бөлігі «Жануарларға қатыгездік көрсету» бойынша сотқа дейінгі тергеу бастады. Тергеу нәтижелері бойынша процессуалдық шешім қабылданады», — деп хабарлады Шымкент ПД баспасөз қызметіндегілер.

Айта кетейік, бұл Шымкенттегі осыған ұқсас алғашқы жағдай емес. Бұған дейін мұнда біреулер күшіктің көзін күйдірген. Бұл туралы еріктілер әлеуметтік желілерде жазды.

Tengrinews.kz

19 ақпан, 20:55
Бақытжан Сағынтаев: "Біз жағымсыз сценарийдің жүзеге асуына жол бермедік"
19 ақпан, 17:20
Айдос Жұқанұлы: Алаш қайраткерлері туралы жазғанымды небәрі 50 адам оқыды
19 ақпан, 15:03
«Отты отпен сөндіреді. Тіл тартысы бар қазаққа ортақ»
19 ақпан, 12:22
Айылдан шыққан мүсінші
19 ақпан, 11:54
Баян-Өлгийдің іргетасын қалаған қазақ
19 ақпан, 11:44
Олжас Әбіл, блогер: Бізге сарапшы журналист керек
19 ақпан, 11:37
Коллектордың қақпанына түскендер
19 ақпан, 11:17
«Бай, қуатты болайық!» деуші еді...