jasqazaq.kz
Ақпарат агенттігі

Несие төлемеу үшін өз көлігін ұрлаған (видео)

23 ақпан, 13:17
43

Несие төлемеу үшін өз көлігін ұрлаған (видео)

Несиесін төлемеу үшін елордалық ер адам өз көлігін ұрлаған.

Елорда тұрғыны «102» желісіне қоңырау шалып, белгісіз біреулер оның былтыр ғана автосалоннан несиеге сатып алған Toyota RAV 4 маркалы қымбат көлігін ұрлап кеткенін айтты, деп хабарлады қалалық ПД баспасөз қызметі.

Ұрлық фактісі сыртқы бейнебақылау камераларына түсіп қалған, онда «Оқушылар» сарайы маңындағы автотұрақтағы көлікті белгісіз бір ер адам мініп, қаладан шығып кетеді.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында 53 жастағы жәбірленуші сақтандыру компаниясынан ақы алу және несие бойынша төлемдерден жалтару мақсатында өз көлігін ұрлап кеткені анықталды. Қылмыстық жоспарды алдын-ала қарастырған ол автокөлік ұрлайтын таныс адамды да тапқан. Оның орнына ол ақшалай сыйақы төлеуге уәде еткен. Әлгі ұрылар автокөлікті Алматы облысына айдап барып, біреулерге өткізген.

Қазір автокөлікті ұрлағандар ұсталып, қылмыстарын мойындады. Ал ұрланған көлік иесіне қатысты жалған шағым түсіргені үшін қылмыстық іс қозғалды. Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

zakon.kz

19 ақпан, 20:55
Бақытжан Сағынтаев: "Біз жағымсыз сценарийдің жүзеге асуына жол бермедік"
19 ақпан, 17:20
Айдос Жұқанұлы: Алаш қайраткерлері туралы жазғанымды небәрі 50 адам оқыды
19 ақпан, 15:03
«Отты отпен сөндіреді. Тіл тартысы бар қазаққа ортақ»
19 ақпан, 12:22
Айылдан шыққан мүсінші
19 ақпан, 11:54
Баян-Өлгийдің іргетасын қалаған қазақ
19 ақпан, 11:44
Олжас Әбіл, блогер: Бізге сарапшы журналист керек
19 ақпан, 11:37
Коллектордың қақпанына түскендер
19 ақпан, 11:17
«Бай, қуатты болайық!» деуші еді...