jasqazaq.kz
Ақпарат агенттігі

Бақытжан Сағынтаев: «Біз жағымсыз сценарийдің жүзеге асуына жол бермедік»

19 ақпан, 20:55
340

Бақытжан Сағынтаев: "Біз жағымсыз сценарийдің жүзеге асуына жол бермедік"

Осы аптада Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев тұрғындардың алдында есеп берді. Есеп беру әдеттегідей лық толы залда емес, Алматы телеарнасының студиясында ұйымдастырылды. Ең алдымен өткен жылы атқарылған жұмыс туралы 15 минуттық ролик көрсетілді. Содан кейін қала әкімі тікелей келіп түскен сауалдарға жауап беруге кірісті. Jas qazaq қала басшысының есебін тыңдады.

ДӘРІ-ДӘРМЕК ТАПШЫЛЫҒЫ БОЛМАЙДЫ

Өткен жылы тұрақтандыру қоры құрылды. Бүгін 24 миллионға жуық пакет препарат айналымда және азаймайтын 8 млн данасы бар. 300-ден астам дәріханаға мониторинг жүргізілді. «VivaPharm» ЖШС сұйық, жұмсақ және қатты дәрілік формаларды шығаруға арналған өндірістік кешенді іске асыруды бастады. Инвестиция көлемі – 4,6 млрд теңге. «DolcePharm» ЖШС жеке қорғаныс құралдарын шығаратын зауыт салуда. Инвестиция көлемі – 19,5 млрд теңге. «Альфа Мет» ЖШС, «Био Евразия» ЖШС және «ADS Industries» ЖШС фармацевтика өнімдерін шығаруға арналған жобаларды іске асыруға кірісті. Жалпы инвестиция көлемі – 18 миллиард теңге. Дәрі-дәрмектермен және жеке қорғаныс құралдарымен жабдықтау жөнінде құрылған тетік импортқа тәуелді болмауға мүмкіндік береді және COVID-19-ды ғана емес, сонымен қатар басқа да ауруларды емдеу кезінде дәрі тапшылығын азайтады.

ТҰРҒЫН ҮЙМЕН ҚАМТУ

Әрбір алматылық өз кезегін электронды түрде бақылап, кімге үй берілетінін көреді. Ешқандай құпия жоқ. Көпбалалы аналарға тұрғын үй сертификаты беріледі. Бастапқы жарнаға 2 млрд теңге бөлінді. 2000 отбасы көмек ала алады. Бұл төлем көпбалалы отбасылар, мүгедек балалары бар немесе мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар; жетім балалар, 1-2 санаттағы мүгедектерге арналады. «Бақытты отбасы» бағдарламасы аясында тұрғын үйге жылдық 2%-бен жеңілдікпен несие беру қарастырылған.

601 КӨШЕ ЖАРЫҚТАНДЫРЫЛАДЫ

2020 жылы қала шетіндегі 1 423 көше (Алатау, Наурызбай, Жетісу, Түркісіб) жарықтандырылды. Қалған 601 көшені 2021 жылдың соңына дейін жарықтандыру жоспарланған. Қаржы бөлінген, мердігерлер жұмысын атқаруда. Аудан әкімдері де қадағалап отыр.

50 МЫҢ ЖАҢА ЖҰМЫС ОРНЫ АШЫЛАДЫ

Өткен жылы 77,6 мың жаңа жұмыс орны құрылды. Барлық мемлекеттік бағдарламалар аясында 47,8 мың жұмыс орны ашылды. Соның ішінде «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы бойынша – 18 648 орын, «Жұмыспен қамтудың жол картасы – 2020» – 21 689, «Бизнестің жол картасы – 2025» – 3540, «Қарапайым заттар экономикасы» – 1419, аймақтық даму – 824, «Нұрлы» Жер » – 455, индустриалдыинновациялық даму – 869, білім мен ғылымды дамыту – 70. «2021 жылы жаңа жұмыс орындарын құру жоспары шамамен 50 мың бірлікті құрайды, оның 30 мыңы тұрақты. Жұмыссыздарды қысқа мерзімді кәсіптік оқыту бойынша жұмыс жалғасуда, онда өткен жылы 1000-нан астам азамат жұмыспен қамтылды. Курсты аяқтаған соң түлектер тұрақты жұмысқа жіберіледі. Бүгінде олардың 66%-дан астамы жұмысқа орналасқан. Жеке бизнесті ашуға немесе бұрыннан бар бизнесті ілгерілетуге 200 АЕК-тен 1,7 мыңнан астам грант берілді. Негізгі іс-шаралар тігін, аспаздық, маникюр және шаштараз және т.б. Жоғарыда аталған бағдарламаларға қатысу үшін жұмыссыздар қаланың Жұмыспен қамту орталығына жүгіне алады.

ЖАС ӨСКІНГЕ ҚАМҚОРЛЫҚ

Балаларды мектептен тыс біліммен жаппай қамтудың жол картасы қабылданды. Қалалық кітапханалар базасында 156 тегін үйірме ашылды. Шығармашылық үйірме саны 5400-ге дейін артты. 5 ауданда «Шыңға өрлеу» әлеуметтік клубтары құрылды. Спорт ғимараттарының саны бір жылда 745 нысанға артып, 3,4 мың нысанға жетті, 252 тегін секция ашылды. Әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту 2021 жылы жалғасады. 8 мектеп, 17 жаңа корпус-жапсарлас құрылыс салу есебінен қосымша 20 700 оқушы орны пайда болады. Сонымен қатар, 640 мектепке дейінгі орын ашылады. Ата-аналар төлемін субсидиялау үшін қалалық бюджеттен 1 млрд теңге бөлу жоспарлануда, бұл балабақшаларда қосымша 5 мың орын құруға мүмкіндік береді.

ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА БИЗНЕС

Шағын және орта бизнесті несиелендіру көлемі 2020 жылы 1,7 есе өсіп, 1,4 трлн теңгеден асты. Өнеркәсіп саласында 1,4 мың жұмыс орнын құрумен 39,7 млрд теңгеге 11 жоба іске асырылды. Оның ішінде индустриялық аймақта – 848 жұмыс орнын құрумен 29,9 млрд теңгеге 4 жоба жүзеге асырылды. «Алматы Бизнес-2025» өңірлік бағдарламасы аясында 3 шағын өнеркәсіп паркі ашылды, онда кәсіпкерлерге жеңілдікті тарифтер бойынша өндірістік алаңдар беріледі. «Qoldaý» кәсіпкерлік орталығы бизнеске 91 мыңнан астам кеңес және басқа да сервистік қолдау көрсетті.

«ШЕТСІЗ ҚАЛА» ҚАҒИДАТЫ

2021 жылы Алматыда 40 шақырымнан астам жаңа жол салынады. Қала шетіндегі инфрақұрылымды жақсарту үшін «Жаңа Алматыны» дамытудың 5 жылдық кешенді жоспары қабылданды. 200 млрд теңгеге 504 жобаны іске асыру басталды. Пандемияның экономикаға тигізген қысымына қарамастан, «Шетсіз қала» қағидаты бойынша дамыту жалғасады. Әрбір алматылық тұрғылықты жеріне қарамастан тең өмір сүру стандартына ие болуы тиіс Қалаға қосылған ықшамаудандардың инженерлік инфрақұрылымын дамыту шеңберінде 2020 жылы 50 мыңнан астам адамды қамтитын 300 шақырым су құбыры мен кәріз желілері салынды. 16,1 шақырым жылумен жабдықтау желілері қайта жаңартылды. Биыл «Жаңа Алматы» кешенді жоспары аясында инженерлік және көлік инфрақұрылымын дамыту жалғасады. 40,4 шақырым жаңа жол салынып, 200 шақырымнан астам жолды орташа жөндеуден өткізіп, үш жол айрығының құрылысын жалғастыру және төрт көшені тесу бойынша жобалар жоспарлануда. «Сарыарқа» және «Достық» метро стансаларының құрылысын аяқтау және «Қалқаман» стансасының құрылысын жалғастыру көзделді. «Ақсай» су жинау стансасы, Наурызбай ауданында коллектор салынады. 170 шақырым су құбыры мен 145 шақырым кәріз желілерінің құрылысы жүргізіледі.

ТҮЙІН

Біз жағымсыз сценарийдің жүзеге асуына жол бермедік. Іс жүзінде барлық экономикалық көрсеткіштерді арттырдық. Саудадағы, тасымалдаудағы және қоймаларда сақтаудағы құлдыраудың экономиканың басқа салаларындағы өсіммен өтелуіне қол жеткіздік. Сонымен қатар, жаңа перспективалы секторларды – цифрландыру мен смарт-индустрияны, креативті экономика мен туризмді дамытуға серпін бере алдық.

Талап Тілеген

09 сәуiр, 12:02
Ғаламдық қаржы жобасы. AIFC
09 сәуiр, 11:26
Жанкүйер жеңілгенді қалай ма?
09 сәуiр, 11:11
Қанды сұйылтады Қазақ ғалымдары коронавирусқа қарсы дәрі жасады
26 наурыз, 11:52
«Боржомилатқан» наурыз күшті ме?
26 наурыз, 11:15
Жер жетеді. Бірақ диқан мен малшыға жер жоқ
26 наурыз, 11:08
Қысастық
26 наурыз, 11:06
Ұлыс күні – ұлттың рухын оятатын мереке
19 наурыз, 11:57
Диплом, онлайн білім және оқу ақысы