jasqazaq.kz
Ақпарат агенттігі

Алматыда 20 көлік отқа оранды (видео)

03 ақпан 2021, 9:57
166

Алматыда 20 көлік отқа оранды (видео)

Алматыда ТЖО-да өрт кезінде 20 көлік жанып кетті. Бұл туралы ТЖМ ресми өкілі Талғат Уәли мәлімдеді.

Өрт Сәтпаев көшесіндегі №139 үйде болған. Өрт туралы хабарлама 2 ақпанда сағат 21.52-де Алматы ТЖД кезекшісінің пультіне түскен. Өрт сөндірушілер келген кезде ТЖО ашық жалынмен жанып жатқаны анықталды. Жақын тұрған ғимараттарға өрт таралып кетуі мүмкін болған. Өртті сөндіріп жатқанда жарылыс болған.

«Алдын ала есептеу бойынша 20-ға жуық көлік өртенді. Жылу әсерінен 4 көлік зақымданды. Тағы 15 көлік эвакуацияланды. Шамамен 600 шаршы метр жер өртенді. Ал ғимараттың жалпы аумағы — 1300 шаршы метр», — деді Талғат Уәли.

Сағат 23.09-да өрт ауыздықталып, сағат 23.47-де сөндірілді. ТЖО-ның қасында орналасқан жанармай құю бекетіне (оңтүстік жағында) өрттің таралуына жол берілмеді. Ешкім зардап шекпеді. Өрттің неден шыққаны анықталып жатыр.

Tengrinews.kz

21 қантар, 11:52
Тәрбие құралы Тик-Ток боп тұр
21 қантар, 11:45
Елдігімізді қадірлейік!
21 қантар, 11:11
Нұрғали Нүсіпжанов: Біздің заманымызда жастарымыздың патриоттығы ерекше еді
30 желтоқсан 2021, 20:07
“Құрманбектің Ақтотысы” (Видео)
24 желтоқсан 2021, 12:05
Айтылмаған әңгіме
24 желтоқсан 2021, 11:55
Желтоқсан ақиқаты мен ақтаңдақтары
24 желтоқсан 2021, 11:38
Желтоқсанды ойласам, өзегімді өрт қабады
24 желтоқсан 2021, 11:28
Дінмұхаммед Нұрлан: Тәуелсіз елде туғаныма мақтанамын!