jasqazaq.kz
Ақпарат агенттігі

«Қасым хан» сериалынан 30 млн теңгеге жуық ақша ұрланды

26 қантар, 15:48
34

"Қасым хан" сериалынан 30 млн теңгеге жуық ақша ұрланды

Алматы қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаменті «Қазақфильм» АҚ-ның «Қасым хан» киножобасы» филиалының директорына қатысты сотқа дейінгі тергеуді аяқтады.

Тергеу мәліметінше, Ахметов К.С пен өзге де заңды тұлғалар жеке бас пайдасына кенелу мақсатында қызметтік жағдайын пайдалану мен алдын-ала топтасып келісу арқылы аса ірі көлемде бөтеннің мүлігін жымқырды.

Тергеу қылмысқа қатысы бар тұлғалардың тарихи сериалды түсіруге қажетті пиротехниканы сатып алуға бөлінген 29,9 млн теңгені жымқырғанын дәлелдеді.

Сотқа дейінге тергеу кезінде күдікті тұлғалар «Қазақфильм» АҚ-ға келтірілген шығынды толық қайтарып бере салды.

Сот үкімімен айыпталушылар ҚР Қылмыстық кодексінің 189-бабы, 3-бөлігі, 1,2-тармағы бойынша (өзгенің сеніп тапсырылған мүлкін иемдену немесе ысырап ету, ірі көлемде) кінәлі деп танылды және «Қасым хан» киножобасы» филиалының бұрынғы директоры 2 жылға бас бостандығынан айырылды. Оның екі сыбайласы пробациялық бақылаумен 3 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге және 100 сағатқа мәжбүрлі еңбекке тартылу жазасына сотталды.

zakon.kz

19 ақпан, 20:55
Бақытжан Сағынтаев: "Біз жағымсыз сценарийдің жүзеге асуына жол бермедік"
19 ақпан, 17:20
Айдос Жұқанұлы: Алаш қайраткерлері туралы жазғанымды небәрі 50 адам оқыды
19 ақпан, 15:03
«Отты отпен сөндіреді. Тіл тартысы бар қазаққа ортақ»
19 ақпан, 12:22
Айылдан шыққан мүсінші
19 ақпан, 11:54
Баян-Өлгийдің іргетасын қалаған қазақ
19 ақпан, 11:44
Олжас Әбіл, блогер: Бізге сарапшы журналист керек
19 ақпан, 11:37
Коллектордың қақпанына түскендер
19 ақпан, 11:17
«Бай, қуатты болайық!» деуші еді...