jasqazaq.kz
Ақпарат агенттігі

Бейбіт Шүменов әлем чемпионы атағы үшін жекпе-жекке қатыспайтын болды

26 қантар, 11:23
8

Бейбіт Шүменов әлем чемпионы атағы үшін жекпе-жекке қатыспайтын болды

Қазақстанның бірінші ауыр салмақтағы WBA Regular чемпионы Бейбіт Шүменов (18-2, 12 KO) 29 қаңтарда Голливудтағы (Флорида штаты, АҚШ) Seminole Hard Rock Hotel &Casino аренасында америкалық Рафаэль Мерфиге (14-1, 11 KO) қарсы жекпе-жекте рингке оралуды жоспарлаған болатын, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz-ке сілтеме жасап.

Алайда Мерфи The Ring басылымына берген сұхбатында Б.Шүменовтің алдағы кеште өтетін жекпе-жекке қатыспайтынын айтқан. Мұндай шешімге не себеп болғаны айтылмады. Рафаэль қазір Флоридадағы қонақүйде және 29 қаңтарда рингке шығуы тиіс. Алайда оның ендігі қарсыласы кім болары белгісіз. Бір кездері беделді промоутер болған Дон Кинг ұйымдастыратын шоудың өзі де болмауы мүмкін. Өйткені қонақүй әкімшілігі әлі күнге дейін алдағы оқиға туралы хабардар болмаған. Естеріңізге сала кетейік, Бейбіт Шүменов рингке 2018 жылдың шілде айынан бастап шықпаған. Сол жылы Астанада түркиялық Хизни Алтункаюды (32-3, 19 КО) нокаутқа жіберген болатын.

05 наурыз, 14:30
Сенімді серіктестік жалғасады
05 наурыз, 14:19
Бақытымды сағынамын...
04 наурыз, 16:13
Халықтың жадында сақталуы тиіс
02 наурыз, 12:50
Кітапқұмар мен ойынқұмар
19 ақпан, 20:55
Бақытжан Сағынтаев: "Біз жағымсыз сценарийдің жүзеге асуына жол бермедік"
19 ақпан, 17:20
Айдос Жұқанұлы: Алаш қайраткерлері туралы жазғанымды небәрі 50 адам оқыды
19 ақпан, 15:03
«Отты отпен сөндіреді. Тіл тартысы бар қазаққа ортақ»
19 ақпан, 12:22
Айылдан шыққан мүсінші