jasqazaq.kz
Ақпарат агенттігі

Kaspi.kz арқылы көлікті қайта тіркеуге болады

25 қантар, 22:13
911

Kaspi.kz арқылы көлікті қайта тіркеуге болады

Ішкі істер министрлігімен келісе отырып, рәсімді банк қосымшаларында орындауға рұқсат етіледі.

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин көлікті қайта тіркеу үшін ХҚКО-ға барудың қажеті жоқ екенін мәлімдеді. Бұл туралы Today.kz хабарлады.

«Министр лауазымына кіріскеннен кейін мен бірден арнайы ХҚКО-ңың жұмысымен танысқанмын. Сол кездің өзінде адамдардың көптігінен туындайтын қарбаласты қалай еңсеруге болатынын ойлана бастадым. Біз командамызбен бірге бұл мәселені шешудің бірден-бір жолы – қызметті онлайн форматқа ауыстыру екенін бірден ұқтық. Эgov порталында бұл қызметті электронды форматқа қалай іске асыруға болатынын өзім де көріп, қасымда кеңесші отырса да екі сағат уақытым кетіп еді», — деді министр.

Оның ведомствосы Ішкі істер министрлігіне бұл процесті толық қайта қарауды ұсынып, бұл қызметті сыртқы сервистерге шығару қажеттігін айтқан.

«Біз бүгін ресми түрде автокөлікті қайта тіркеу қызметін Ішкі істер министрімен бірге Kaspi.kz мобильді қосымшасы арқылы іске қосамыз. Ендігәрі автокөлікті қайта тіркеу үшін арнайы ХҚКО-на барудың қажеті жоқ. Kaspi.kz немесе басқа да банктердің мемлекеттік қызметтер айдарына кіріп, автоны қайта тіркей беріңіз. Халық банк дәл қазіргі уақытта осыған ұқсас қызметті, атап айтқанда несиеге сатылған автокөлікті қайта тіркеу қызметі бойынша жұмыс жүргізуде», — деп нақтылады Мусин.

Kaspi.kz арқылы көлікті қайта тіркеуге болады

05 наурыз, 14:30
Сенімді серіктестік жалғасады
05 наурыз, 14:19
Бақытымды сағынамын...
04 наурыз, 16:13
Халықтың жадында сақталуы тиіс
02 наурыз, 12:50
Кітапқұмар мен ойынқұмар
19 ақпан, 20:55
Бақытжан Сағынтаев: "Біз жағымсыз сценарийдің жүзеге асуына жол бермедік"
19 ақпан, 17:20
Айдос Жұқанұлы: Алаш қайраткерлері туралы жазғанымды небәрі 50 адам оқыды
19 ақпан, 15:03
«Отты отпен сөндіреді. Тіл тартысы бар қазаққа ортақ»
19 ақпан, 12:22
Айылдан шыққан мүсінші