jasqazaq.kz
Ақпарат агенттігі

Депутаттар айыппұл арқалады

25 қантар, 11:21
69

Депутаттар айыппұл арқалады

Семейде маска тақпай суретке түскен қалалық мәслихат депутаттарына санитарлық нормаларды бұзғаны үшін айыппұл салынды. Бұл туралы қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасындағылар мәлімдеді. Бұл туралы Arnapress.kz хабарлады.

Ведомство басшысы Берік Тілебалдиннің айтуынша, айыппұл санкциялары резонанс тудырған суреттегі барлық адамға салынған.

«Санитарлық талаптарды бұзған жеке тұлға ретінде әркім айыппұл төлеуі керек. Айыппұл сомасы — 30 АЕК, бұл шамамен 85 000 теңге», — деді қаланың бас санитар дәрігері.

Депутаттардан басқа, фотода бірнеше шенеунік, оның ішінде қала әкімі Ермак Сәлімов пен оның орынбасары Айдар Садырбаев та бар. Олар да депутаттар сияқты жауапкершілікке тартылды.

Берік Тілебалдин айыппұл төлеуге бір ай берілетінін түсіндірді. Алайда, егер жеті күн ішінде төлесе, айыппұл сомасының жартысын үнемдеуге болады.

Әлеуметтік желіде кейбір депутат суреттің салдары туралы жазып жатыр.

«Маска жоқ сурет үшін айыппұл төлеу түбіртегін алғаннан кейін алдағы дүйсенбіде бірден төлеймін», — деп жазды депутат Арман Машимов.

Ал «Ауыл» партиясынан сайланған мәслихат депутаты Қайрат Смағұлов айыппұлды төлеп қойыпты. Бұл туралы ол өзінің Facebook желісіндегі парақшасында хабарлады. Тек депутат постқа Нұр-Сұлтандағы Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында түскен суретін жүктепті.

Ұжымдық фотода Мемлекет басшысы мен депутаттық фракциялардың басшылары бар. Жалпы жүзге жуық адам. Бәрі маскасыз және әлеуметтік қашықтықты сақтамаған.

«Мен айыппұл төледім, ал сіз ше?» — деп жазды Семей депутаты.

Депутаттар айыппұл арқалады

19 ақпан, 20:55
Бақытжан Сағынтаев: "Біз жағымсыз сценарийдің жүзеге асуына жол бермедік"
19 ақпан, 17:20
Айдос Жұқанұлы: Алаш қайраткерлері туралы жазғанымды небәрі 50 адам оқыды
19 ақпан, 15:03
«Отты отпен сөндіреді. Тіл тартысы бар қазаққа ортақ»
19 ақпан, 12:22
Айылдан шыққан мүсінші
19 ақпан, 11:54
Баян-Өлгийдің іргетасын қалаған қазақ
19 ақпан, 11:44
Олжас Әбіл, блогер: Бізге сарапшы журналист керек
19 ақпан, 11:37
Коллектордың қақпанына түскендер
19 ақпан, 11:17
«Бай, қуатты болайық!» деуші еді...