jasqazaq.kz
Ақпарат агенттігі

Алаяқ әйелге алданып қалды

25 қантар, 13:38
162

Алаяқ әйелге алданып қалды

Алматыда алаяқтық жасады деген күдікпен әйел ұсталды.

Polisia.kz мәліметі бойынша, А.есімді азаматша жалға алынған автокөлікті жүргізгені анықталды және дәл сол маркалы автокөлікті екінші деңгейлі банктен нарықтық бағадан төмен бағада сатып алуға уәде береді.

– Ұсталған – 1980 жылы туған А.азамат “Тойота Камри 55” көлігін жалға алып, өзінің таныстарын банктерде дәл осындай кепілдегі көлікті 5 миллион теңгеге сатып алуға көмектесетін “байланыстары” бар деп сендірді, ал бұл машинаның нарықтық бағасы 7 миллион теңгеден жоғары.

Бағадағы айырмашылық аңғал азаматтарды қызықтырды және олар 3,5-4 миллион теңге алдын-ала төлемді кепілдіксіз берді. Бұрын да алаяқтық әрекеттері үшін сотталған қаскөйдің ауызша берген уәделерін орындау ойында да болған жоқ. Алған ақшасын өзінің жеке қажеттіліктеріне жұмсаған, – деді Алмалы аудандық полиция басқармасының бастығы Есен Ысқақов.

Ұсталған адамға қатысты ҚР ҚК-нің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды.

– Көрсетілген адамның қылмыстық әрекеттерінен зардап шеккен азаматтар бізге келесі телефондар арқылы хабарласа алады: 8708-707-92-02; 8-705-771-13-71; 8-705-555-77-63, – деді Ысқақов.

05 наурыз, 14:30
Сенімді серіктестік жалғасады
05 наурыз, 14:19
Бақытымды сағынамын...
04 наурыз, 16:13
Халықтың жадында сақталуы тиіс
02 наурыз, 12:50
Кітапқұмар мен ойынқұмар
19 ақпан, 20:55
Бақытжан Сағынтаев: "Біз жағымсыз сценарийдің жүзеге асуына жол бермедік"
19 ақпан, 17:20
Айдос Жұқанұлы: Алаш қайраткерлері туралы жазғанымды небәрі 50 адам оқыды
19 ақпан, 15:03
«Отты отпен сөндіреді. Тіл тартысы бар қазаққа ортақ»
19 ақпан, 12:22
Айылдан шыққан мүсінші