jasqazaq.kz
Ақпарат агенттігі

Түрік кемесіне қарақшылар шабуылдап, 15 теңізші тұтқынға алынды

24 қантар, 12:05
19

Түрік кемесіне қарақшылар шабуылдап, 15 теңізші тұтқынға алынды

Қарақшылар Гвиней шығанағында Либерия туы астында кетіп бара жатқан түркиялық MOZART контейнер тасымалдаушысына шабуылдап, 15 экипаж мүшесін тұтқынға алды.

Бұл туралы жексенбі күні Анадолы агенттігі жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ресейлік ТАСС агенттігіне сілтеме жасап. Агенттіктің мәліметінше, қарақшылық шабуыл сенбі күні кеме Сан-Томе қаласынан 160 км қашықтықта кетіп бара жатқанда жасалған. Нәтижесінде экипаждың 19 мүшесінің 15-і құтқындалды, 1 адам құрбан болды. Құрбан болған азаматтың Әзербайжан тумасы екені анықталды. Түркия Президенті Тайып Ердуан қарақшылар басып алған контейнер тасымалдаушы кеме капитаны Фуркан Яренмен телефон арқылы екі рет сөйлесті. Түркия басшысына кеменің бортта аман қалған 3 теңізшімен бірге Габонға қарай кетіп бара жатқаны айтылды. Ел президенті жағдайды жіті бақылап отыр және ол тұтқынға алынған азаматтарды құтқару үшін қодан келгенннің бәрін істеу туралы тапсырма берді. Бұған қоса, Түркия Сыртқы істер министрі Мевлют Чавушоглы әзербайжандық әріптесі Джейхун Байрамовпен телефон арқылы сөйлесіп, құрбан болған теңізшіге байланысты көңіл айтты. Тұтқындалған экипаж мүшелерін іздеу жұмыстарына Түркияның көршілес елдердегі елшіліктері де жұмылдырылды.

19 ақпан, 20:55
Бақытжан Сағынтаев: "Біз жағымсыз сценарийдің жүзеге асуына жол бермедік"
19 ақпан, 17:20
Айдос Жұқанұлы: Алаш қайраткерлері туралы жазғанымды небәрі 50 адам оқыды
19 ақпан, 15:03
«Отты отпен сөндіреді. Тіл тартысы бар қазаққа ортақ»
19 ақпан, 12:22
Айылдан шыққан мүсінші
19 ақпан, 11:54
Баян-Өлгийдің іргетасын қалаған қазақ
19 ақпан, 11:44
Олжас Әбіл, блогер: Бізге сарапшы журналист керек
19 ақпан, 11:37
Коллектордың қақпанына түскендер
19 ақпан, 11:17
«Бай, қуатты болайық!» деуші еді...