jasqazaq.kz
Ақпарат агенттігі

Полиция қарулы адамды ұстады (видео)

23 қантар, 11:18
160

Полиция қарулы адамды ұстады (видео)

Алматыда полицейлер пышақ пен «автоматқа ұқсас» затты лақтырып қашқан күдікті адамдарды қуды. Бұл туралы қаланың полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап Tengrinews.kz хабарлады.

Ер адамдарды ұстау барысы мен тәркіленген қару түсірілген видео пайда болды.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от kris_p_almaty | Official | 21+ (@kris_p_almaty)

«Медеу ауданы аумағында күдікті көлікті тексеру барысында оның жүргізушісі полиция қызметкерлерінің заңды талаптарына бағынбай, қашып кеткен. Қала бойынша «Ұстау» жоспары жарияланды.

Көлік құралы қаланың Түрксіб ауданындағы Сейфуллин даңғылында бұғатталды. Жүргізуші мен оның екі жолаушысы жаяу қашты. Қашып бара жатып, олар автоматқа ұқсас зат пен пышақ лақтырып кетті», — деп хабарлады полиция өкілдері.

Күдіктілердің бірі ұсталғаны хабарланды. Тағы екеуі іздеуде. «Оларды ұстау — уақыт еншісінде», дейді ПД өкілдері.

Істің мән-жайы, тасталған заттардың иесі анықталады.

05 наурыз, 14:30
Сенімді серіктестік жалғасады
05 наурыз, 14:19
Бақытымды сағынамын...
04 наурыз, 16:13
Халықтың жадында сақталуы тиіс
02 наурыз, 12:50
Кітапқұмар мен ойынқұмар
19 ақпан, 20:55
Бақытжан Сағынтаев: "Біз жағымсыз сценарийдің жүзеге асуына жол бермедік"
19 ақпан, 17:20
Айдос Жұқанұлы: Алаш қайраткерлері туралы жазғанымды небәрі 50 адам оқыды
19 ақпан, 15:03
«Отты отпен сөндіреді. Тіл тартысы бар қазаққа ортақ»
19 ақпан, 12:22
Айылдан шыққан мүсінші