Ауа-райының қолайсыздығына байланысты Алматы, Жамбыл, Түркістан облыстарының аумағындағы республикалық жолдарда көлік қозғалысы шектелді, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазақавтожол» компаниясына сілтеме жасап.
Компания баспасөз қызметінің хабарлауынша, ауа-райының қолайсыздығына байланысты (қар, боран, жол көрінісінің шектелуі) барлық автокөлік түрі үшін республикалық автомобиль жолдарының бірқатарына уақытша шектеу қойылды:
— «Алматы-Ташкент-Термез» жолының 159-239 шақырымы аралығы, Кенен ауылынан Қайнар алуынан дейін,
— «Алматы-Ташкент-Термез» жолының 165-212 шақырымы аралығы, Кенен ауылынан Қордай ауылына дейін,
— «Алматы-Ташкент-Термез» жолының 536-593 шақырымы аралығы, Айша бибі аулынына Түркістан облысының шекарасына дейін,
— «Алматы-Ташкент-Термез» жолының 593-654 шақырымы аралығы, Жамбыл облысының шекарасынын Машат ауылына дейін.
«Қазақавтожол» компаниясы жүргізушілерден жабылған жолға қатысты барлық шектеуді және жол ережесін сақтауды сұрайды.
Посмотреть эту публикацию в Instagram