jasqazaq.kz
Ақпарат агенттігі

Орға апарған озбырлық

22 қантар, 10:58
114

Орға апарған озбырлық

Атырауда аты-шулы оқиғаның нүктесі қойылды. Мұздатқышқа салынған сәби өліміне тікелей кінәлі деп танылған Атырау облыстық перзентхананың бұрынғы бас дәрігері Қуаныш Нысанбаев 18 жылға бас бостандығынан айырылды. Қылмыстық оқиға болған күні кезекшілік еткен акушер-гинеколог Асқар Қайыржан 16 жылға сотталды. Акушер дәрігер Жәмила Құлбатырова 15 жылға бас бостандығынан айырылды.

Ал қылмысты хабарламағаны үшін, екі неонатолог дәрігер 3 жылға сотталды. Десе де, айыпталушылар сот үкімімен келіспеген жағдайда, апелляциялық сотқа шағымдана алады. Келіспейтінін олар сот үкімі оқыла салысымен білдірді.

Арада екі жыл өтсе де, қоғамда әлі күнге дейін қызу талқыланып келе жатқан бұл оқиға Атыраудағы облыстық перинаталдық орталықта болған еді. 26 апталық шақалақта тіршілік белгісі білінбепті. Дерекқор базасына «өлі туылды» деп рәсімделген нәресте кейін аяқ-қолын қозғалта бастайды. Сот үкімінен кейін күні кеше жүктеліп, мессенджерлерге әп-сәтте тарап кеткен бұрынғы бас дәрігер Қуаныш Нысанбаев пен акушер-гинеколог Асқар Қайыржанның телефонмен сөйлескен әңгімесінде: «…Құдай өзі кешірсін! … Мынау жыбырлап жатыр … Мұздатқышта қалдыра сал» деген сөздер анық естіледі.

Осылайша, нәресте дүние есігін аша сала мұздатқышта жан тапсырды.
Мұндай озбырлықты түсіну қиын…

Аты-шулы қылмыстық оқиғадан кейін сол кездегі Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Мәншүк Аймұрзиева қызметінен босады. Көп ұзамай, перинаталдық орталықтың 31 қызметкері де қызметінен кету туралы өтініш жазды.

Бірақ олармен келіссөз жүргізіліп, 31 қызметкер орнында қалды. Бейресми дереккөздерінен білгеніміздей, мұздатқышта жан тапсырған нәрестенің анасы осы оқиғадан кейін тағы бір сәбиін аман-есен босаныпты. Дәрігерлер мұздатқышта қалдырған сәби бұл шаңырақтың бесінші баласы екен.

Қоғамды дүр сілкіндірген жантүршігерлік оқиға осымен тәмам. Бірақ дәрігерден «балаңыз өлі туды» деген хабарды естіген аналардың көкейінде «менің балам да осындай мұздатқыш камерада көз жұмбады ма екен?» деген күдік қалып қойған секілді.

Баян ЖАНҰЗАҚОВА,
Атырау облысы

19 ақпан, 20:55
Бақытжан Сағынтаев: "Біз жағымсыз сценарийдің жүзеге асуына жол бермедік"
19 ақпан, 17:20
Айдос Жұқанұлы: Алаш қайраткерлері туралы жазғанымды небәрі 50 адам оқыды
19 ақпан, 15:03
«Отты отпен сөндіреді. Тіл тартысы бар қазаққа ортақ»
19 ақпан, 12:22
Айылдан шыққан мүсінші
19 ақпан, 11:54
Баян-Өлгийдің іргетасын қалаған қазақ
19 ақпан, 11:44
Олжас Әбіл, блогер: Бізге сарапшы журналист керек
19 ақпан, 11:37
Коллектордың қақпанына түскендер
19 ақпан, 11:17
«Бай, қуатты болайық!» деуші еді...