jasqazaq.kz
Ақпарат агенттігі

«Мен байығанда, өкініп қалмаңыз!»

22 қантар, 11:28
1986

«Мен байығанда, өкініп қалмаңыз!»

Алматыдағы емхананың бірінде мейірбике болып жұмыс істейтін сіңлім бір айдан бері қоңырау шалып, бір «күшті» бизнеске кіргенін айтты. Әлгі бизнес өкілдерімен кездестіруге күнде шақырады. «Қарағым, пирамида емес пе, ол қандай жұмыс?» дегеніме қарамай, «келіңіз, өз құлағыңызбен естіңіз» деп қоймады. Содан күндер өтіп жатты. Әлгі сіңлім құдайдың құтты күні хабарласады.

«Мен байып кеткен кезде ренжімеңіз, ең жақыным болғаннан кейін сізге ұсынып жатырмын, бүгін кешкі алтыдан қалмай мына мекенжайға келіңіз» деп тақылдап тұр сіңлім. «Қой, не де болса көрейік», – деп жолдасымды ертіп, сіңлім жазған мекенжайға келдік.

Алматының ең қымбат аудандарының бірінде орналасқан екі қабатты зәулім үй екен. Қуыс көшеде орналасқандықтан, көлік қоятын тұрақ таба алмай, біраз бөгелдік. Әлгі үлкен үйдің ауласына келгенде сызылған екі қыз күтіп алып, ішке кіргізді. Үйдің іші толған адам. Барлығы жастар. Бір бөлмесі де бос болмай шықты. Бөлме босағанша біраз бөгелдік. Сіңлім «Қазір бәрін өздеріңізге түсіндіреді, керемет бизнес, бүгін ең алғашқы айлығымды алдым», – деп мәз болып тұр.

Бір бөлме босап, ішке кірдік. Ұзын бойлы, кәстөм-шалбарды сықитып киіп алған жігіт өзін Санат деп таныстырды. Сосын компания туралы әңгімесін бастады. Оның айтуынша, бұл желілік маркетинг емес, тіпті пирамида да емес. «Компанияның бас кеңсесі – Малайзияда. Сіз бір рет 700 мың теңгеге саяхат картасын сатып алып, өмір бойы аптасына 200 мың теңге айлық ала аласыз. Аптасына, түсінесіз бе! Одан бөлек, жинаған қаржыңызды мұрагеріңізге қалдыра аласыз», – деп тоқтамай сөйледі. Сөзін бөліп: «Ондай айлыққа жету үшін не істеуіміз керек?» деген сауал қойдым. «Бір мәрте 700 мың теңгеге саяхат картасын алыңыз, сосын оны тағы екі адамға алдырыңыз, олар да әрі қарай біреулерін тартады», – деп анау зуылдап берді.

Сонда бұл пирамида емей немене? «Ойланып көрейік» деп әрең құтылдық. Сіңлім несиеге 700 мың алып, әлгі компанияға кіріп алыпты. Бізбен қоса, әпкесіне де несие алдырып, кіргізбекші екен. Бұл компанияның пирамида екені дәлелденіп, елімізде жұмыс жүргізуіне тыйым салынғанын БАҚ-тан оқыған едім. Сонда да жасырын жұмыс істеп жатқаны ғой. Қайбір жылы, осы компания өкілдерімен кездескенім бар. Қателеспесем, 2009-2010 жылдары. Бір танысым шақырып қоймаған соң бардым. Дәл осындай сықиып киініп алған жігіт бизнесті жарнамалап еді. Алтын сағат, саяхат картасы мен тұрмыстық техника алуды үгіттеген. Сол жігіттің алғашқы сұрағы әлі есімде. «Сіздің арманыңыз не?» деп сұрады.

«Үй алу, көлік алу, шетелге бару» деп тізбектей бастайсың ғой. Сонда «Біздің бизнеспен арманыңызға тезірек жетесіз» деп басыңды айналдыра бастайды. Енді, міне, бірнеше жыл өтсе де, әлгі пысықайлар қаншама адамды алдап жүр. Сіңлім мамандығы бойынша жұмысын тастап, енді тек осы бизнеспен айналысам деп отыр. Дәрігер боламын деген арманы жайына қалды. Көз майын тауысып алған дипломы да енді сандықтың түбіне кетеді. Оған, бәлкім, әлі де ойланып көрерсің, жұмысыңнан шықпа» дедім. «Сіз де тезірек кіріп алыңыз, мен байып кеткенде өкініп қалмаңыз», – деген жауап алдым. Оңай олжаға кенелемін деп, ертең опық жейтінінде шаруасы жоқ. Бұлай алданып жүргендер қаншама!

Мақпал Махаметқызы

19 ақпан, 20:55
Бақытжан Сағынтаев: "Біз жағымсыз сценарийдің жүзеге асуына жол бермедік"
19 ақпан, 17:20
Айдос Жұқанұлы: Алаш қайраткерлері туралы жазғанымды небәрі 50 адам оқыды
19 ақпан, 15:03
«Отты отпен сөндіреді. Тіл тартысы бар қазаққа ортақ»
19 ақпан, 12:22
Айылдан шыққан мүсінші
19 ақпан, 11:54
Баян-Өлгийдің іргетасын қалаған қазақ
19 ақпан, 11:44
Олжас Әбіл, блогер: Бізге сарапшы журналист керек
19 ақпан, 11:37
Коллектордың қақпанына түскендер
19 ақпан, 11:17
«Бай, қуатты болайық!» деуші еді...