jasqazaq.kz
Ақпарат агенттігі

Бабалар сабақтастығын үзуден басқа ештеңе емес!

22 қантар, 11:18
47

Бабалар сабақтастығын үзуден басқа ештеңе емес!

Бірден айтайын, «Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы тұру туралы» заң қазақ халқының ұлттық тәрбиесіне, ғасырлардан бері қалыптасқан патриархаттық құрылысына, әлемдік көзқарасына «гендерлік теңдік» арқылы оңдырмай соққы берген. Мына заң жобасы қазақ отбасындағы әкені, еркекті желкесінен сүйреп әкеп, босағаға сүмірейтіп «отырғызып» қойған. Енді әрі қарай осы заңды қолдаушылар «Біржынысты неке туралы» заң жобасын да осы бастан қолдай берсеңдер болады екен!

Әу баста мемлекет отбасының ішкі дауына араласудан саналы түрде бас тартқан еді. «Неке туралы» кодексте «отбасының ішкі дауын отбасының өзі шешеді» деп анық жазылған. Бұл біздің ұлттық дәстүрімізді, «үй болғасын ыдыс-аяқ сылдырамай тұрмайды» деген даналық философиямызбен астасқан кодекс еді. Ал енді «Отбасылық зорлық-зомбылыққа қарсы тұру» заңы бір қарағанда ештеңесі жоқ, кәдімгі көп заңның бірі сияқты. Алайда оның ішке бүккен қауіпін ҚР «Халық денсаулығы Кодексі» және «Балалардың құқығын қорғау туралы» заңдармен қоса қарағанда ашыла түседі.

Мысалы, «Халық денсаулығы Кодексінің» 78-бап, 1-тармағында «Әрбір бала мақсатын айтпастан, репродуктивті денсаулығы туралы ақпарат алуға құқылы» дейді. 78-баптың 2-тармағы «Бала 16 жастан бастап, профилактикалық және консультативті-диагностикалық көмек алуға құқылы» дейді. 92-баптың 1-тармағы «Денсаулық сақтау субъектілері 10 жастан бастап балаларға репродуктивті және психологиялық денсаулық бойынша кешенді қызмет көрсетеді». 92-баптың 2-тармағы «10 жастан бастап балаларға репродуктивті және психологиялық денсаулық қызметіне қол жеткізе алады». Енді ары қарай не болатынын өзіңіз-ақ шамалай беріңіз! Әрнәрсені білмекке құмар жасөспірім жұрттан жасырып, жыныстық қатынастың қыр-сырын 10 жастан бастап меңгере берсе не болады? Заңға сәйкес, 10 жастағы балалар бұдан былай сексолог пен психиатрдың көмегіне өз бетінше жүгіне беретін болады. Бірте-бірте, осы заңға сәйкес, «жыныстық денсаулық туралы» білім алуды мектеп бағдарламасынан бастауы да мүмкін. Өйткені Еуропаның бірнеше мемлекеті қазір 10 жастан бастап мектептерде «жыныстық денсаулық» пәнін міндетті түрде оқып отыр. Бұл жоба іске асып жатса, ата-ана қанша қарсы болса да, олармен ешкім есептеспейді. Өйткені «жыныстық денсаулық» туралы бала 10 жастан бастап білуі керек. Заң солай деп тұр! Егер қарсы болсаң – автоматты түрде «бала құқығын шектеп, зорлық-зомбылық жасаушы» болып таныласың!

Ал енді «Отбасылық зорлық-зомбылыққа қарсы тұру туралы» заң жобасына қайта оралайық. 1-пунктың 4-тармағында «Ата-ана немесе заңды өкілдің бала мүддесі мен қажеттіліктерін – баланың азық-түлікке, киім-кешекке, баспанаға, тәрбиеге, білімге, медициналық қызметке, қауіпсіз тұрмыстық жағдайын саналы түрде елемеуі» дей келе, осының бәріне «тұрмыстық зорлық-зомбылық» деген сипат береді. Бұл дегенің ақыл тоқтатпаған жасөспірімді өзінің әке-шешесіне, туған-туыстарына қарсы айдап салу, арыз жазғызу, сөйтіп ұлтымыздың ғасырлар бойы жалғасып келе жатқан бабалар сабақтастығын үзу ғой! Одан басқа ештеңе емес! Бүгін төбемізге феминистер әңгіртаяқ ойнатса, ертең көгілдірлердің кердеңдеп шықпасына кім кепіл? Сондықтан «Отбасылық зорлық-зомбылыққа қарсы тұру» заңына ағайындық, жеңгелер институттарды реанимациялап, қайта жандандыратын тетіктер де қарастырылуы керек! Дұрыс ұрпақ тәрбиелегіміз келсе, бала құқығы деп, зорлық-зомбылық деп, ата-бабамыздың дәстүрінен – еркектердің отбасылық үстемдігінен бас тартпауымыз керек!

Тоқтар Жақаш,
журналист

19 ақпан, 20:55
Бақытжан Сағынтаев: "Біз жағымсыз сценарийдің жүзеге асуына жол бермедік"
19 ақпан, 17:20
Айдос Жұқанұлы: Алаш қайраткерлері туралы жазғанымды небәрі 50 адам оқыды
19 ақпан, 15:03
«Отты отпен сөндіреді. Тіл тартысы бар қазаққа ортақ»
19 ақпан, 12:22
Айылдан шыққан мүсінші
19 ақпан, 11:54
Баян-Өлгийдің іргетасын қалаған қазақ
19 ақпан, 11:44
Олжас Әбіл, блогер: Бізге сарапшы журналист керек
19 ақпан, 11:37
Коллектордың қақпанына түскендер
19 ақпан, 11:17
«Бай, қуатты болайық!» деуші еді...