«Сақтандыру жарналарының өсуімен, 2020 жылмен салыстырғанда, Қазақстандағы ең төменгі жалақының мөлшері азайды. Қазір ол – 37 400 теңге. Бізден кейін Нигерия мен Өзбекстан тұр. Ең төменгі жалақы Украинада 27%, Польшада – 9,8%, Беларусьте – 6,7%, ал Ресейде 5,5 пайызға өсті. Зерттеу авторлары шартты азық-түлік себетін құрып, оның құнын ең төменгі жалақымен салыстырыпты. Азық-түлік себетіне нан, сүт, жұмыртқа, күріш, ірімшік, ет, жеміс-жидек пен көкөніс кіреді. Сонда біздегі азық-түлік себетінің құны – 25 280 теңге. Өткен жылмен салыстырғанда, 13,87 пайызға қымбаттаған. Бұл ең төменгі жалақы алатындардың жағдайы нашарлай түскенін білдіреді».